ДенсаулықСаулық үшін

Ерлерге ләззат сыйлар 5 тәсіл

Ләззатты уқалау - сүйіктіңіздің көңілін табуға арналған ең тиімді әдіс. Ерлі-зайыптылардың махаббатын нәрлендіретін, сезімдерін арттырып, бір-біріне деген ықыластарын жандандыруға  бағытталған бұл тәсіл - тән рақатымен қатар жан рақатын да сыйлайды. Сол себепті ерлер мерекесінде сүйіктіңізге ерекше сыйлық ретінде ләззатты уқалау жасап беріңіз.

1.18K (1000)Қаралымдар

Сүйікті жандардың бір-біріне жасайтын ләззатты уқалауында қандай да бір белгілі ережелер жоқ, тек бірнеше сілтемелер бар. Егер сүйіктіңізге тыныштық пен тән ләззатын сыйласа, массаж тәсілдерінің кез келгенін қолдансаңыз болады. Бұл жердегі ең маңызды фактор – сіздің сезіміңіз, арадағы махаббатты жандандыруға деген құлшынысыңыз. Сол себепті бұл уқалауды жасауда үйіңізді барынша романтикаға толтырыңыз. Джакузи толтырып, аққайнар құйыңыз демейміз, тек ырқақты музыка мен балауыш шамдар да жеткілікті. Сонымен неден бастаймыз?

Үйіңізді романтикаға толтырыңыз

Алдымен массаж жасайтын жерді жақсылап дайындап алыңыз. Перделерді жауып, телефонды өшіріп, сіздерге ешкімнің кедергі келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Ырғақты музыка қойып, балауыздарды жағып қоюды ұмытпаңыз.

Уқалау орынын әзірлеңіз

Массаж төсегіндей қатты жер қажет. Бұл жерде жұбайлар төсегі жарамсыз. Сол себепті уқалауды жерге төсеніш салып жасаған ыңғайлы.

Aqua Sana Treatments Nov 2013

Май дайындап алыңыз

Міндетті түрде уқалауды май жаға отырып жасаңыз. Сонда денені ауырпай, барынша нәзік уқалауға мүмкіндігіңіз болады. Денеге жағатын майды алдын ала ыстық суға салып, жылытып алыңыз. Қолыңыз жылы әрі жұмсақ болуы керек. Майды алақанға құйып, оның денесін сипалап отырып жаққан дұрыс.

Массаж техникасын қолданыңыз

Уқалаудың ақырын ғана ұрғылау, бастырмалау, шымшылау сияқты тәсілдерін қолданыңыз. Әр қимылды алдымен қарқынды бастап сосын ақырындап сипалауға көшкен жөн. Бұл өз кезегінде серігіңіздің жаны мен тәніне ерекше қуат береді.

Арқа тұсын уқалау. Егер сүйіктіңіз ішімен жатса уқалауды мойыны мен иығынан бастап,  екі қолын кезек-кезек саусақтарының ұшына дейін уқалаңыз. Кейіннен арқасынан бөксесіне қарай түсіп, аяқтарын уқалаңыз. Бірақ табандарын кейінге қалдыра тұрыңыз – табанды уқалау арқасымен жатқанда ыңғайлы.

Кеуде тұсын уқалау. Сүйіктіңізді ақырын ғана аударып, арқасымен жатқызып, тағы да мойынын және иықтарын уқалаңыз. Содан кейін қолдарын уқалап, артынша кеудесі мен ішін сипалаңыз. Ал, серігіңіздің сезімін селт еткізгіңіз келсе, байқаусызда білегіңіздің сыртқы тұсымен жыныс мүшесін сипап өтіңіз.

Аяқ уқалау. Сүйіктіңіздің аяқтарын ысқылауға көшкенде сандарының ішкі жағына аса назар аударыңыз, өйткені ол аса сезімтал аймақ. Табандарына жеткенде тізесін сәл бүгіп, бір қолыңызбен табанды, екінші қолыңызбен санының ішкі жағын уқалауды тоқтатпаңыз.

Бел, мойын, қолдарының ішкі жағына көбірек көңіл бөлген жөн. Сипалау арқылы сіз серігіңіздің сезімтал жерлерін анықтай бастайсыз. Осы арқылы оған қайталанбас ләззат сыйлайсыз. Сонымен қатар, адамның терісінің өзінде көптеген ләззатқа аса сезімтал жерлері бар. Мәселен: құлақ арты, мойын (әсіресе шаш басталатын тұсы), үрпі айналасындағы тері, бұғана тұсы, бөксе, алақан, саусақ арасы. Айтулы аймақтың барлығы тіліңізге, тіпті шаштарыңызға да селт етері сөзсіз.

Ләззатты уқалау арнайы біліммен біліктілікті қажет етпейді. Сүйікті жанның жасаған уқалауы серігіңіздің өн бойындағы қуатын арттырып, сезімдеріңізді шыңдай түседі.  Сондай-ақ, уқалау жарыңыздың денесіне жеңілдік сыйлап, шаршағанын басады. Арадағы сезімдеріңізді жаңғыртып, тән жақындығындағы басқа бір белеске жетелері айдан анық.

Ісіңізге сәттілік!