ДенсаулықСаулық үшін

Гомеопатия деген не: Ол ем қалай жүргізіледі?

Науқасты дәрінің өте аз мөлшерімен (дозамен)  емдеу жүйесін Гомеопатия дейміз.. Гомеопатияны ХІХ  ғасырдың басында неміс дәрігері С.Ганеман ұсынған екен. Ол дәрі әсерінің ауруға берілетін мөлшерін кеміткен сайын күшейе түсетінін байқаған. Негізгі принципі -« ұқсасты ұқсаспен емдеу», яғни сау адамға көп мөлшерде бергенде ауру туғызатын дәріні ауру адамға өте аз мөлшерде жиі беріп емдеу әдісі.  Түсінікті болу үшін бір мысал келтірейік.

Мәселен, сынапқа уланған адамның әдетте бүйрегіне зақым келеді. Енді осы бүйректі емдеу үшін мамандар сол сынаптың аз ғана мөлшерін пайдаланып, ем-шара жүргізеді.Тін мен ұлпаның зақымданбай, ағза қызметінің бұзылуын емдеуде гомеопатия жақсы нәтижелерге қол жеткізген әдіс болып табылады. Алайда жұқпалы аурулар мен  туберкулез, қатерлі ісік ауруларын бұл жүйемен емдеуге келмейді. Сонымен қатар гомеопатияны фитотерапиямен де шатастыруға болмайды.  Мұнда науқасты шөппен емдемейді. Анығында гомеопатичлқы ем жүргізу біз білетін медициналық және халықтың емнен мүлдем бөлек. Оның дәрі-дәрмек жасауда өз әдісі мен шикізаты бар.

Гомеопатиялық дәрілерді жасауға арналған шикізат көздері қандай?

Сау ағзаға ауырлық алып келетін барлық заттан дәрі жасауға болады. Мысалы өсімдіктер мен саңырауқұлақтар, жылан уы, жануар майларынан да дәрілер жасалады. Тіпті кейбір гомеопатиялық дәрілер бір көргенде экзотикалық әсер қалдыруы мүмкін. Мәселе дәрінің құрамында емес. Медициналық жүйеден гомеопатияның артықшылығы да осында. Классикалық гомеопатиялық фарма өнідірісінде екі жүзден астам дәрінің түрі бар.

Бұл емдеу әдісін қай кезде пайдалануға болады?

Шұғыл түрдегі хирургиялық отаны қажет етпейтін барлық ауруларды гомеопатиялық әдіске сүйеніп емдеуге болады. Осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулер бойынша гомеопат дәрігерлер көптеген балалар ауруларын,  аллергия түрлерін, ауыр жарақатты, ас қорыту жүйесін, жүрек және қан тамырлары аурулары мен  тері және өкпенің жеңіл ауруларын  нәтижелі емдеп келеді.

Емді қабылдау кезінде диетаға отыру міндетті ме?

Гомеопатиялық дәрілердің қарама қарсы көрсеткіші- жалбыз.  Сондықтан жалбыз дәмі бар тәттілер мен сағызды емделу кезінде тыя тұру керек. Жалбыз қосылған шай мен тіс пастасын да пайдаланудан бас тарта тұрған абзал. Шаштың химияланбағаны, боялмағаны  дұрыс. Тіпті химиялық сусабындарды пайдалануды тоқтата тұрған жөн. Сонымен қатар кофені де ем –шара кезінде тоқтату керек болады. Гомепатиялық дәрілерді ұйықтардың алдында 30-40 минут бұрын  қабылдайды. Негізінен гомеопатия ауруды емес, адамды емдейді. Кез келген аурудан айығу үшін алдымен адам өзін сау сезінуі тиіс.