Жан әлеміӨзіңді дамыт

Психологиялық қартаю. Онымен қалай күресуге болады?

Психологиялық қартаю дегеніміз не? Бұл ғаламшарда өзін төлқұжатта немесе туу туралы куәлікте көрсетілген жасына сәйкес сезінетін әрі солай көрінетін адамды табу екіталай.

Жас“субъективті” ұғым, ол көптеген зерттеулермен дәлелденген. Дегенмен, нақты сандарға қарағанда сіздің өзіңізді қанша жасқа сезінетініңіз әлдеқайда маңызды болып табылады. Жасыратыны жоқ, соңғы 100 жылда өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай өсті. 19 ғасырда қырық жастағы ерлер мен әйелдер қарттар санатына кірсе, қазір жасөспірімдік кезең 24 жаста аяқталып, жастық шақ 25-тен 44 жасқа дейін созылады, орташа жас 60 жасқа дейін, егде жас 75-ке дейін жалғасады, ал 90-нан асқандар ұзақ ғұмырлылар деп саналады.

Жасөспірімдердің басым көпшілігі өздерін өз жастарынан үлкен сезінеді, алайда 25 жасқа қарай бәрі өзгереді. Ал жасы 30-ға таяған адамдардың шамамен 70% -ы өздерін жас сезінеді. Осылайша, шынайы жаспен психологиялық жас арасындағы сәйкестік төмендейді.

Соңғы уақытта ғалымдар “субъективті жасқа” көбірек қызығушылық таныта отырып,  “өзіңізді қанша жасқа сезінсеңіз, демек сіз сонша жастасыз” деген қорытынды жасады.

Психологиялық қартаюдың белгілері

1. Өмірдің бар кереметі өткен шақта қалды

Егер ең қызықты, ең маңызды әрі есте қаларлық сәттер артта қалды, қазіргі сәттер сағынышқа, ал болашақ — үмітсіздікке толы деп жиі ойлайтын болсаңыз, сізрасыменде қартаюдасыз. Ендігі өмірден жақсы ештеңе күтудің қажеті жоқ. Жоспарлар мен мақсаттардың орнынбұрынғы көңілді күндер туралы естеліктер басқан. Психологиялық кәрілік 80 жастағы адамдарда ғана болмайды, ол 40 жастан кейін де пайда болуы мүмкін. Әсіресе орта жаста өміріндегі жанын ауыртатын оқиғалар орын алса психологиялық қартаюға әкеліп соғуы мүмкін.  

Не істеу керек? Оптимист болыңыз. Болашаққа үмітпен қараңыз, мақсат қойыңыз және жоспар құрыңыз. Олардың бәрі бірдей жүзеге асуы міндетті емес, бірақ жас болып қалу үшін, сізді әлі де көп жақсылық күтетіндігіне сену өте маңызды.

2. Маған мұнымен айналысуға тым кеш.

Егер сіз үнемі өзіңізге шектеулер қойсаңыз: “менің жасымда бұл жұмысқа орналасу қиын“,” маған биде орын жоқ, онда тек қана қыздар бар”,” тіл үйренуге кеш, бәрібір есіме ештеңе сақтап қала алмаймын” және т.с.с шекаралардан аса алмайсыз. Себебі, сіз енді өз күшіңізге сенбейсіз, дамығыңыз келмейді, өзіңізді физикалық тартымсыз деп санап, өзіңізді аяйсыз. Осының салдарынан өмірдің сізге ұсынған көптеген мүмкіндіктері қолыңыздан сусып кете барады.

Не істеу керек? Жылдар өте келе біз шынымен шыдамсыз және белсенділігіміз төмендей бастайды. Бірақ түпсанаңызды ағзаңызды бұрынғыша емес екеніне, енді қолыңыздан ештеңе келмейтініне көндіруге, үйретуге болмайды. Себепсіз қорқынышқа бой алдырмаңыз және өзіңізді өмірдің қуанышынан айырмаңыз. Алдыңызға басқатыруға тура келетін тапсырмаларды қойыңыз. Жас келеқойылған көптеген шектеулер, тек біздің өзімізді қалай елестететінімізден көрініс береді.

3 . Мен мұның бәрінен өттім

Ия, сізде көп тәжірибе бар, сол себепті сізді ештеңемен таңқалдыра алмайсың. Өмір бойы сіз күтпеген жағдайларда әрекет етуді үйрендіңіз және оларды қалай шешуге болатынын білесіз. Эмоцияларыңызды басқара аласыз және проблемалар туындаған жағдайда асыпсаспайсыз. Кез-келген мәселеде бір шешім болатынынбілесіз және сіздің оның алдын алуға мүмкіндігіңіз бар. Сізден сұрамаса да, достар мен туыстарға, әрдайым құнды кеңестер бересіз. Қалай дұрыс әрекет ету керектігін білесіз ғой.

Не істеу керек? «Мен бәрін білемін» деп емес, тағы нені білуім керек деп ойлап көріңізші?!

4. Мен адамдарға сенбеймін

Кей сәттерде өмірден көңіл қалып, құлазу болып тұрады. Уақыт өткен сайын негатив қардаланып, сіз енді сатқындықтан зардап шеккіңіз келмейді, сезімтал және қорғансыз бола бастайсыз. Әлеуметтік шеңбер тарылып, жаңа таныстардан іргеңізді аулақ салып, тұйық және жалғыз боласыз.

Не істеу керек? Тұйықталуға болмайды, керісінше, басқалармен көбірек сөйлесуге, араласуға тырысыңыз. Достар мен жаңа таныстарсыз депрессияға бейім болу мен оны бастан кешіру қаупі жоғары. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, адам кем дегенде үш айда бір рет жаңа адамдармен танысу керек екендігі анықталды. Есіңізде болсын, біз әдетте бейтаныс адамдарға өз ойлағанымыздан қарағанда көбірек ұнаймыз.