covid-19
Бала тәрбиесіОтбасы

COVID-19 және бала ағзасы

COVID-19 індетімен ауырған балаларда түрлі асықынулар пайда болады. Соның бірі, симптомдары бойынша, қызамыққатады.

Covid-19 вирусына шалдықан кей балаларда «мультифакторлыққабыну синдромы» деп аталатын асқыну орын алуы мүмкін. Бұл қандай ауру және осындай қауіпті жағдайды қызамықпен қалай шатастырмауға болады?

Covid-19 алғаш пайда болған кезде ДДСҰ «балалар бұл дертке шалдықпайды» деп ата-аналарды тыныштандырған болатын. Бірақ биыл мәселе біз ойлағаннан да күрделі болып шықты.

Балалар ересектер сияқты бұл аурумен жиі ауырады. Бірақ көбінесе індет балаларда  белгі-нышансыз, жасырын жағдайда өтеді.
Есесіне, балалар мен жасөспірімдер аурудың асқынуына бейім келеді.  Балалардағы мультижүйелік қабыну синдромы (БMСҚС) деп аталатын бұл жағдай сирек кездескенімен, ол жөнінде білу маңызды және қажет нәрсе.

Мультижүйелік қабыну синдромы кезінде баланың дене қызуы көтеріледі, кейде терісі бөртіп кетеді, осыған қарап ата-аналар оны қызамықпен шатастырып, дұрыс емдемеуі мүмкін немесе баланы дер кезінде дәрігерге апарып қаратпай жатады.

Covid-19 кейінгі балалар мен жасөспірімдердегі мультифакторлы қабыну синдромы

Мультифакторлы қабыну синдромына шалдыққан балалар мен жасөспірімдер ағзасы әдетте иммундық жауап береді. Ол күретамырлар мен қан тамырларға әсер етіп, жүйелі қабынуға әкеп соқтырады, нәтижесінде жүрек пен басқа мүшелерге зақым келтіруі мүмкін.

БҚС өте сирек кездеседі қолда бар мәліметтерге сәйкес, ол айқын белгілері бар Covid-19 инфекциясымен ауырған балалардың 2%ының бойында кездескен. Балаларда бұл ауру жасырын түрде жүруінің жиілігін ескере отырып, коронавирустан жазылған науқастардың бойындағы мұндай асқынулардың жиілігін анықтау пайыздың үлестік мөлшерлерімен есептеліп шығарылуы керек. Сондықтан бұл жерде нақты цифрлардыайту қиын

Мультифакторлы қабыну синдромының белгілері қандай?

БҚС белгілері Кавасаки ауруына ұқсас, бұл қан тамырларының қабынуымен және ағза уланған кезде болатын синдроммен сипатталады.

Белгілері (олардың кейбіреулері ғана байқалуы мүмкін):

3 күннен асатын және көтеріле беретін жоғары дене қызуы
іштің қатты ауыруы, құсу немесе диарея
көздің «қанталап» кетуі, іріңсіз конъюнктивит
тері бөртпесі
тері түсінің өзгеруі, оның ішінде бозарып, дақ басуынемесе көгеруі мүмкін
тамақты немесе сусынды қиналып ішу
тыныс алудың қиындауы немесе жиілеуі
кеудедегі ауырсыну немесе жүрек қағысының жиіленуі
ақыл-естен шатасу, ашуланшақтық немесе селсоқтық (апатия)

Ата-аналарға арналған «дабыл белгілері»:

аяқ-қолдың ісініп, қызаруы
еріннің/тілдің қызаруы немесе жарылуы
мойын бездерінің ісінуі

Дәрігер байқайтын белгілер:

  • қабыну маркерлерінің жоғары деңгейі
  • гипотония немесе шок
  • миокардит, перикардит, вальвулит немесе коронарлық күретамырлардың зақымдану белгілері
  • қан ұю (коагулопатия) белгілері
БҚС емделе ме?

Әрине. Емдеп жазуға болады. Диагноз қойып, қабыну үдерістерінің басқа себептерін (мысалы, Кавасаки ауруы және улану шогы белгілерін тудырған бактериялық инфекцияны) кетіргеннен кейін емделеді. Әдетте терапия үшін иммуноглобулиндер мен кортикостероидтар қолданылады.

Мультифакторлы қабыну синдромының салдары қандай?

Ұзақ мерзімді салдары әлі белгісіз. Бала сауығып шыққаннан кейін кардиолог пен ревматологтыңбақылауында болуы тиіс.

Қызамық

Қызамық – бұл жұтқыншақ қабынуы бар (фарингит) адамдардың бойында болатын инфекция. Оның салдарынан денені қызғылт түсті бөртпе басып, дене қызуы жоғарылап, жұтқыншақ ауырады. Қызамық пен фарингиттің төркіні бір – ол А тобындағы стрептокок.

Негізінен, қызамықпен 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар ауырады, бірақ кей жағдайда оны ересек адам да жұқтыруы мүмкін. Антибиотиктер пайда болғанға дейін қызамық қауіпті балалар ауруы болып саналды. Бүгінде ол емделеді. Сондықтан бұл ауру кең таралмаған.

Қызамықтың белгілері қандай?

Өзіне тән дене бөртпесі

Қызамықтың фарингиттен ажыратудың басты белгісі – бұл бөртпе. Алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін 12-48 сағат өткенде денені осы ауруға тән қызыл бөртпе басады. Ол кішкентай (1 мм-ге дейінгі), қызғылт түсті және қатты «құс еті» сияқты бөртпе. Басқан кезде бөртпе бозарады. Денедегі бөртпе көп шығатын жерлер – мойын тұсы, шынтақ қатпарлары, қолтық, шат тұсы. Бөртпе кеткеннен кейін тері — әсіресе бет пен алақан терісі түлеуі мүмкін.

Қызамыққа байланысты терінің басқа өзгерістері:

Ерін-мұрын тұсындағы үшбұрыш жер бөртпеден сау болады
 Тері қатпарлары қарайып, теңбіл-теңбіл дақ түседі
 Беттің ұшы албырап тұрады
 Аурудың 2-4 күнінде тілдің үстінде ақ жолақты, қызғылт түсті, ісіңкі бүртіктер пайда болады.

Басқа белгілер:

Қызамық тудыратын бактериялар фарингит сияқты болғандықтан, екі ауру да ұқсас белгілер жиынтығынан басталады:

1. Жоғары температура: қызамық кезінде ол 38-ден 39,5 градусқа дейін болуы мүмкін. Антибиотикпен емдемелген жағдайда температура 5-7 күн сақталуы мүмкін.
2. Тамақтың ауыруы: жұтқыншақ пен тамақ бездеріқызарып, ісініп тұрады, көбінесе іріңдейді. Мойын бездері де ісініп, үстінен басқанда ауыруы мүмкін. Қызамық кезінде жұтыну қиындық келтіреді.
3. Балада бактериялық инфекцияға тән жүрек айну, құсу, қалтырау, бас ауруы, іштің ауыруы және тәбеттің жоғалуы сынды белгілер пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай баспаның (ангина) ауыр түріне өте ұқсас болуы ғажап емес.

Қызамық қаншалықты жұқпалы?

Қызамықпен ауырған бала өзін нашар сезінбестен 2-5 күн бұрын жұқпалы болуы мүмкін. Инфекция ауру жұқтырған адамның сілекей тамшыларымен, мұрын суымен, түшкіру немесе жөтелу арқылы таралады.

Бұл дегеніміз, кез-келген адам ауру жұқтыратынсұйықтықтарға кез болып, содан кейін қолын аузына, мұрнына немесе көзіне тигізсе, қызамыққа шалдығуы мүмкін деген сөз. Стафилококк ортақ пайдаланатын ыдысаяқ арқылы, ал кейбір жағдайларда лас тамақ арқылы берілуі мүмкін.

Кейбір адамдарда бұл патоген тері инфекциясын және тері астындағы тіндердің қабынуына (целлюлит) әкеп соқтыруыжәне осы аймаққа қол тию арқылы берілуі мүмкін. Қызамықты бөртпелермен жағдай басқаша бұл кезде бөртпе ағзаның токсиндерге реакциясынан пайда болады, яғни бактериялар бөртпе арқылы берілмейді.

Қызамықты немен емдейді?

Қызамық терапиясы стафилококкты жойып, ауру белгілерін жеңілдетуді көздейді. Тиісінше, дәрігер антибиотиктермен, тамақтағы ауырсынуды басатын дәрілермен, жылы сусын ішумен және ауа ылғалдылығын ұстап тұрумен емдеу курсын тағайындайды.

Қабынуға қарсы стероид емес препараттар температураны түсіріп, дененің ауырсынуын жеңілдетеді.

Қызамық пен мультифакторлы қабыну синдромының негізгі айырмашылықтары қандай?

Тамақтағы ауырсынуды басты айырмашылық деп санауға болады. БҚС кезінде тамақта ауырсыну болмайды.

Қызамықтың сипатты белгілері – беттің және тілдің қызаруы, бактериалды жолақтың болуы, мұрын-ерін тұсының бозаруы.

БҚС-ның белгілері: көздің конъюнктивит тәрізді қызаруы, аяқ-қолдың ісінуі мен қызаруы, еріннің жарылуы.

Қызамық бактерия жұқтыру салдарынан болады, мультифакторлы қабыну синдромы өткен коронавирустық инфекциямен байланысты.

Қалай болғанда да, Covid-19 вирусын, болмаса БМСҚС инфекциясын, я қызамық диагнозын дәрігер қоюы керек. Ол тек сыртқы белгілерге сүйеніп қана қоймай, анализ нәтижелері негізінде де қорытынды жасай алады. Баланың дене қызуының көтерілуі – оны қашанда бала дәрігеріне көрсету қажет екендігінің белгісі ретінде қабылдануы тиіс.