Шаршау
ДенсаулықСаулық үшін

Шаршау және оның негізгі 6 себебі

Шаршау – адам ағзасы мен психологиясын әлсіз күйге түсіреді. Десе де шаршаудың себебін анықтасаңыз ғана, қайтадан қалыпқа келу оңай болады. Көптеген адам күнделікті күйбең тіршіліктің жетегінде жүріп, күні бойы белгілі бір мөлшерде қуат жұмсайды. Алайда сол қуаттың орнын дер кезінде толықтырып тұрмаса, адамда босаңсу, шаршау сезімі пайда болады.

Осы орайда дәрігер-нутрициолог Гүлмаржан Бекмұратқызы @dr_bekmuratqyzy шаршау түрлерін анықтап, негізігі белгілерін атап өтті.

Ескерту! Мақаланы соңына дейін толықтай оқып, төмендегі сауалнамаға жауап беріңіз.

Шаршау  – кез келген адамда кездесуі мүмкін қалыпты құбылыс. Дейтұрғанмен кей жандарда ол сезім созылмалы шаршаңқылыққа ауысуы мүмкін. Мәселенің шешімін іздемес бұрын ең әуелі шаршаңқылық сезіміне ненің әсер етіп жүргенін анықтап алыңыз.

Шаршаудың 2 түрі бар:

Физикалық – бұл биохимиялық процесстегі бұзылыстан пайда болады. Әрі қарай бұлшықет әлсірейді, күші азаяды. Жүйке жүйесінде қуат болмайды.

Психикалық– бұл жерде бұлшықетпен қиындықтар туындамайды. Алайда физикалық тұрғыда белсенді болғанмен адамда күш жігер болмайды.

Шаршаудың негізгі себептері қандай?

1. Тамақты көп жеу. Әсіресе көмірсуды тұтыну. Неге? Себебі көмірсу гипогликемияға әкеледі (қандағы қант деңгейі төмендейді), ал ол ағзаны шаршатады. 

2. Өте көп ұйықтау. Орта есеппен адамға 8-9 сағ ұйқы жеткілікті. Ең тиімді сағ 8-9 дейін оянсаңыз, ол үшін уақытылы ұйықтау керек. Егер ұйқы қанбаса қалқанша безді тексеру керек.

3. Аз ұйықтау. Біздің ми күндіз энергияны көп пайдаланады, ал түнде қайта қалыпқа келеді. Егер кеш жататын болсаңыз, келесі күні ештеңеге құлшыныс болмайды.

4. Қозғалыстың аз болуы. Спорт, тіпті, жеңіл гимнастиканың өзі – қозғалыс. Оның сіздің өміріңізде аз болуы да айтарлықтай шаршау сезімін тудырады.

5. Қозғалыстың тым көп болуы. Спортпен белсенді айналысып, өзіңізде артық күш түсіру де шаршауға әкеліп соғады. Ең дұрысы, қозғалыс пен демалысты қатар алып жүріңіз.

6. Минералдар мен дәрумендер тапшылығы. Тағамнан тәуліктік мөлшерді алу мүмкін емес. Адам ағзасында ең жиі Д және В дәрумені, магний, омега-3 тапшылығы байқалады.

Егер жоғардағы себептермен жұмыс істеп, дер кезінде мәселені қолға алмасаңыз, нәтижесінде⤵️
🔺Гипотиреоз
🔺инсулинрезистенттілік
🔺бүйрек үсті безінің шаршауы
🔺менопаузаның ерте басталуы секілді қиындықтар орын алуы мүмкін.

Ал Сізде жоғарыда аталған белгілердің қайсысы жиі кездеседі?
  • Өз жауабымды қосу