Ас мәзіріТәтті дәм

Швед Вафлиі

Әдеттегіден ерекше ас әзірлегіңіз келе ме? Онда біз ұсынған ас мәзірлеріне назар аударыңыз! Cіз даярлаған тағам баланың да, ересектердің де көңілінен шығып, отбасыңызды таңғалдыратыны анық.

ҚҰРАМЫ:

  • Ванильді қант,
  • Қопсытқыш – 1 ш.қ.
  • Сүт – 200 мл,
  • Ұн – 300 гр,
  • Сары май – 100 гр,
  • Қант – 100 гр,
  • Жұмыртқа – 1 д

ДАЙЫНДАУ ӘДІСІ:

1 Алдымен сары майды ерітіп, үстіне сүт құямыз. Бөлек ыдыста ұн, қопсытқыш пен қантты араластырамыз.

2 Жұмыртқа мен ванильді қантты миксермен араластырып, барлық ингредиенттерді қосамыз.

3 Пайда болған сұйықтықты вафли жасауға арналған арнайы ыдысқа қасықтап құйып, 3-5 минут пісіреміз. Вафли дайын!

4 Ескерте кететін жайт, егер вафліміз жақсы көтерілгенін қаласаңыз, дайын болған қамырымызды пісірерден бұрын 15 минутқа қалдырып қойыңыз. Сонда қопсытқыш жақсы әсер етіп, вафлиіңіз жақсы көтеріледі.

5 Вафлиді әрлеу үшін кез келген өзіңізге ұнайтын кремді қолдансаңыз болады. Болмаса балмұздақ пен жидектермен әрлесеңіз еш ұтылмайсыз.

Ас болсын!