түс жору
Түс жору

Түс жору – тылсым әлемге саяхат

Түс жору – өзге түркі тілтес елдермен қатар, қазақ халқында да бұрыннан бар. Халқымызда “Жаман түс жоқ. Түсті тек дұрыс жори білу керек” деген қағида қалыптасқан.  

Түс – қарапайым тілмен айтқанда, “ұйқыда көрілетін нәрсе” дегенді білдіреді. Түс көру кезінде адам денеге, жарыққа және көзбен көруге қажеттілік сезінбейді. Адам түсті парасатымен және рухани назарымен көретіндіктен, көбінесе адам қиялы жете бермейтін таңғажайып әлемді түсінде көреді. Бір ғана түсте адам өткен заманға, қазіргі уақытқа және болашаққа қатысты, том-том кітаптарға сыймайтын, көп мәлімет алатын жағдайлар жиі кездеседі.

Түс көрмейтін адам жоқ шығар, сірә. Осы себепті адамдар көрген түстерінің қалай жорылатынын білуге құмарланғандықтан, сенген адамдарына барып, көрген түсін жорытқан. Себебі ол тылсым дүниенің бізге деген белгісі деп таныған. Десе де, ғалымдар түс – тылсым күш емес, бейсанамыздың бізге жеткізбек ойы дегенді алдыға тартады.

Ұйқы жайлы…

Әлі күнге дейін ұйқы жайлы анық анықтама жоқ. Әлемде көптеген зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бірақ оның не екендігіне әлі ешкім нақты жауап тапқан емес. Психологиялық тұрғыдан алатын болсақ, танымал теорияны Зигмунд Фрейд пен Карл Густав Юнг берген. Фрейдтің айтуынша, адам күні бойы алған мәліметтерін түнде түсінде өңдеуден өткізіп, елемеген дүниелер есіне түсіп, оларды орын-орнына қояды екен. Яғни, күндізгі сана мен түнгі сана ироционалды. Осы ақпараттарға сүйене отырып, “бұл тұспалды тек Фрейд ойлап тапқан жоқ, оны бұрынғы көшпелі елдер де білген” деген тұжырымға келуге болады. Себебі сонау атам заманнан-ақ сәуегей, тәуіп, түс жорушылар түске болжам жасаған.

Мұсылманша түс жору – ислам дінінде де бар дүние. Пайғамбарларымыздың уақытында сахабалар да түс көріп, көрген түсін Алла елшісіне айтып бөлісетін. (Әбу Дәуіт, Cүннет, 9; Тирмизи, Руя, 10) 

Түс жору

Түс жору қабілеті көз келген адамда жоқ. Ақыл мен қисын бұл іс үшін жеткіліксіз. Түсті мейрімді және насихат айта алатын парасатты адамдарға айтқан жөн. Жақсы жори алмайтын адамдарға айтпау қажет. Сонда да халық арасында жиі қолданатын түс жору әдістері бар. Оларды жинап, біз Сіздерге ұсынатын боламыз.  Бұл мақаламызда бір ғана дүниенің жорамалына үңіліп көрелік… Сонымен түсте ағаш көрудің сан түрлі белгілері бар екен.

Түсте ағаш көрсең…

✅ Ағаш алып бара жатсаңыз— шығын.

✅ Ағаш бұтау — пайдасы жоқ істерді тастап, бақытты ғұмыр кешуге бет бұрғаныңызды білдіреді.

✅ Ағаш жақсаңыз — зиянға батасыз деген сөз.

✅ Ағаш жарып жүрсеңіз—қуаныш күтіп тұр.

✅ Ағаш кесе: түсте көрген ағаш кесе қолынан қайырлы іс белгісі келетін адамға жорылады.

✅ Ағаш кессеңіз—жақыныңызды жоғалтуыңыз мүмкін.

✅ Ағаш сатып алып жүрсеңіз—өсекке қалуыңыз мүмкін деген ескертпе.

✅ Ағаш тасып жүру—байлыққа кезігеді.

✅ Ағаш ұстасы—халықтың қамын ойлайтын, шындық пен ақиқатты ұстанатын адамның белгісі. Үлкен қызметтегі кісіні ағаш ұстасы ретінде көру—жуырда қызметінің өсетіндігін, саудагер болса—саудасының жүретіндігін немесе айлығының көбейетіндігін, біреуге қарыз дар болса—қарызынан құтылатындығын білдіреді.

✅ Ағаш үй: түсіңізде ағаш үй көрсеңіз және ол үй жаңа болса—түсінігі мол абзал жанмен отбасы құратыныңыз ды білдіреді. Ал ескі үй болса—аурудың белгісі немесе науқасыңыздың одан сайын күшейетініне жорылады.

✅ Ағаштың жапырағы: түсте ағаштың жапырағын көру—көбінесе сүйіншіге жорылады. Бірақ, інжір ағашы ның жапырағы қайғыға жорылады.

✅ Ағаштың қабығы: түсінде ағаштың қабығын көрсе, қолындағы мал-мүлікке ешкімнің қол сұқпайтынына және жора-жолдастарының арасында сыйлы болатынына жорылады.

✅ Ағаштың құрты: түсінде ағаштың құртын көру— туыстарыңызбен араңызда келіспеушілік немесе өсек-аяңға ілініп жүргеніңізді, бірақ сіздің оған көңіл аудармағаныңызды білдіреді. Ағаштың құртын көру—сізге біреулердің қастандық жасағысы келетін  дердің бар екендігін білдіреді. Сондай-ақ дұшпандарыңыздың сізге жамандық жасағанын естіп, мазасызданатыныңызды білдіреді.

Ұқсас мақалалар:

Жағымсыз түстерден қалай арыламыз