Бізге қажет заттар:
• балауыз, су, какос майы,бидай майы, кастор майы
• эмульгатор (су мен майды әрекеттестіруге көмектеседі)
• таразы, бұлғауыш (миксер)
• А және Е дәрумендері
• шприц, тостаған, үккіш
- Таразының үстіне тостағанды қойып, 5 гр какос майын өлшеп саламыз. Бір ас қасықтың мөлшері 5 гр шамасында болады.
- Енді бидай майынан 5 гр, кастор майынан 3 гр өлшеп, какостың үстіне қосамыз.
- Кремнің иісі жақсы болуы үшін табиғи эфир майларын қосуға болады. Ол сіздің талғамыңызға байланысты таңдалады.
- Балауызды үккіштен өткізіп, аз ғана қосамыз.
- Суық мезгілдерде балауызды көбірек қоссаңыз, ол суықтан қорғаныс қабатын түзетін болады.
- Әдетте май мен су әрекеттеспейді. Ал кремнің құрамында су болғаны дұрыс. Сондықтан 3 гр эмульгатор қосамыз.
- А және Е дәрумендерін майы бар тостағанға қосатын кез келді. Дәрумен теріні нәрлендіреді.
- Енді екінші тостағанға 40 гр су құйып, екеуін де қысқа толқынды пешке қыздырамыз. Май мен су 60°С ысуы тиіс.
- Ысыған суды майлардың үсіне құйып, миксермен ұзақ араластыруға кірісеміз
- Нәтижесінде дене терісіне арналған, үй жағдайында жасалған крем пайда болады. Табиғи күтім деген іміз – осы!