Әдемі де сау бұрымды кез келген нәзікжандының армандайтыны сөзсіз. Бұрымды арулардың мүсіні көрікті, бойы сұңғақ болып көрінеді. Оған қоса ұзын шаштармен кез келген шаш үлгісін жасауға болады. Бұл материалда біз үй жағдайында шашты қалай жылдам өсіруге болатынын талқылаймыз.
Үнемі ұштанған шаштарды қиып тұру
Біріншіден, ұштанған, сынған шаштар ұқыпсыз көрінеді. Солардың салдарынан күніне шашыңыздың 2-4 сантиметрін жоғалтып отырасыз. Шаштараздар салонға 3-5 айда барып тұруға кеңес береді.
Термоқорғаныш құралдарын қолдану
Егер фен, шашқа арналған үтік, бұйралағыш құралдарды күнделікті қолданбай жүре алмайтын болсаңыз, шашты жоғарғы температурадан сақтайтын арнайы косметиканы қолданыңыз.
Кондиционер, бальзам, маска, спрей, майларды қолдану
Шаш сумен, күн сәулесі мен желмен әрекеттескеннің салдарынан жұқарып, ылғалды жоғалтады. Осы орайда мамандар құрғақтық пен сынғыштықтың алдын алу үшін түрлі маскалар мен бальзамдарды қолдануға кеңес береді.
Шашты тарай бермеу
Шашыңызға тиісе бермеңіз. Сонда тез өсетін болады. Шашты абайлап тарау керек. Олай істемеген жағдайда шашты зақымдап алуыңыз ғажап емес.