Жан әлемі

Өркөкірек жігітімді ата-анаммен таныстыруға ұяламын

Love is in the air

Осыдан бірнеше күн бұрын Сырласу сайтында ата-ананы сыйламайтын күйеу жайында жазылған хатты оқыдым. Мендегі жаңдай осы оқиғаға ұқсас секілді. Мен жігітіммен жүріп жүргеніме бірнеше жыл болды. Бір-бірімізді жақсы көреміз. Ол өте ақылды, мектеп күнінде де, студент кезінде де түрлі олимпиадаларға қатысып, көшті алып жүрген. Осы бір қасиеті үшін де оған ғашық болдым. Болашақта күнімізді басқаға қаратпай, отбасын асырай алатын жан болып көрінді. Соңғы кездері оның өр көкірек болып бара жатқанын аңғардым. Кеудесін соғып, танауын көкке көтеріп, ешкімді жақтырмай жүреді. Бойында қарапайымдылық жұрдай.

 

Шынымды айтсам, ата-анаммен таныстыруға ұяламын. Жігітімді үйдегілермен таныстырар уақытты барынша созып жүрдім. Себебі ол өзін ата-анамнан жоғары ұстайтын секілді. Оны көрген достарымның өзі «жігітің өзінше ғой» деп ұнатпай қалады. Оның үстіне құрбыларым: «жігітің сені ертең бізбен араластырмай қояды. Біз тұрмақ, ата-анаңа да жақындатпайтын сияқты ғой мына түрімен» деп те осып жіберді. Қалай болса да, қыздардың сөздерінде жан бар. Оның осы бір мінезінен шаршап, талай рет айырылысуға бел буғанмын. Ол болса жібергісі келмей: «Мен қатемді түсінемін. Өзгеруге тырысамын» деп мені жібітіп алады. Бірақ «баяғы жартас, сол жартас».

Үйленгеннен кейін мінезін өзгертемін деп те айтпаймын. Себебі, адам өзі қаламаса оны өзгерті мүмкін емес. Жігітім ертең менің ата-анамды сыйламай, мені отбасыммен араластырғызбай қоя ма деп уайымдаймын. Осы сауал жаныма маза берер емес.