Ас мәзірі

“Quality” мейрамханасы ұсынған “Ти-бон” стейкі

Келе жатқан мереке күндері дастарқаныңызды түрлендіріп, жақындарыңызды қуантықыңыз келсе, Quality мейрамханасы ұсынған "Ти-бон" стейкін даярлаңыз!

Құрамы:

650 г сиырдың еті

10 г хош иісті шөптер (тасшөп, гүлшетен)

2 д. сарымсақ

30 г зәйтүн майы

100 г салат жапырағы

1 д. шалғам

2 д. чили қызанағы тәтті-қышқыл соусы

Дайындау әдісі:

1. Етті жуып, кептіріп, бетіне қара бұрыш, туралған сарымсақ, хош иісті шөптерді жағып шығып, маринадтау үшін ас пленкасына орап қойып қоямыз.

2. Маринадталған етті қыздырылған табаға немесе гриль пешіне әр қырын 1-2 минуттан аударып пісіреміз. Ақырын отқа қуырып алу әдісін бірнеше рет қайталаймыз.

3. Ал, оны хоспер гриліне пісіргіңіз келсе, торшасына етті қойып, 10-12 минут 250-300 С-та пісіріңіз. Еттің бірінші беті қызарғаннан кейін, келесі бетіне аудару керек. Еттің қызарып, былқылдап піскені жақсы.

4. Стейк дайын! Оның қасына салат жапырағы, жұқалап туралған шалғам, қызанақты тәтті-қышқыл соусқа араластарып берсе, көркіне, дәмі сай болып шыға келмек.

Тағам тарихы:

Бұл американдық клас­сикалық стейктің кең тараған түрі. Ол негізінде 450 гр-нан кем емес етті құрайды және тәтті-қыш­қыл соусымен бірге беріледі. Стейк үшін малдың арқа мен қаңқадағы бел бөлігінен T-тәрізді ет кесіп алынады. Сондықтан ол «Ти-бон» деп аталады.

Тағамды дайындаған “Quality” мейрамханасының аспазы Илья Скугоревский