Әдемі Әбіл – бірнеше кәсіптің басын біріктіріп алып жүрген кәсіпкер. Бұл сұқбатында мансап пен отбасын, денсаулық пен қоғамдағы орнын ақсатпай ұстап жүрудің құпиясын өз тәжірибесіне сүйене отырып айтып береді.
Әдемі ханым, таяуда Солтүстік Кавказ еліне барып, жаңа білім алып қайттым деп айтып қалдыңыз. Қандай білім? Ол несімен ерекше?
Ә.Ә: Мен жастайымнан білім мен ілімге өте құштар жанмын. Бұл білімнің ерекшелігі сол, Жаратушы -Әлем – Жаратылыстағы үлкен энерго ақпараттық жүйені 9 салаға бөліп қарастырамыз. Адам әлемнен, Әлем адамнан бөлек емес. Тоғыз сала деп отырғанымыздың бірінші саласы – Жаратушы. Ғылыми түрде саналы кванттық кеңістік. Екінші сала – Адамның жеті атасы, тегі, ру-шежіре, ата-анасының энергиясы. Үшінші сала – отбасы. Ер адам мен әйел адам екеуінің қарым-қатынасы, дұрыс энергия алмасуы. Төртінші сала – адамның тәні, ағза энергиясы. Бесінші сала – Жер шары энергиясы. Алтыншы сала – Күн және Күн жүйесі планеталары, аспан денелерінің энергиясы, сандар. Жетінші сала – Қоғам және әлеумет энергиясы. Сегізінші сала – Адамның рухани ұстаздары, мұғалімдері.Тоғызыншы сала – адамның кәсібі, мамандығы, қаражат энергиясы. Адам арнайы әдістеме, модуль арқылы күнделікті тәжірибе арқылы жаттығу жасап, өмірінің 9 саласын түгел реттей алады.
C: Cіз сөз етіп жүрген ата-бабаға дұрыс тағзым жасау бұл біздің дәстүрімізде бар дүние ғой. Мұның өзі ғылым екенін шетелдіктерден біліп жатқанымыз қызық…
Ә.Ә: ККеңес өкіметі орнағалы біз ата-бабамыздан қалған құндылықтарды жоғалтып алдық. 50% пайызын ғана орындап жүрміз, тіпті, одан да аз. Мысалы, қазір көшеге шығып «Ата-бабаға тағзым, құрмет дегенді қалай түсінесіз?» деп адамдардан сұрасаңыз, олар: «Басына барып құран бағыштау, ас беру», – деп жауап береді. Өте дұрыс! Менің де ойым солай еді. Бірақ осы уақытқа дейін әке-шеше жағынан жеті атамызға алғыс жазуды білмеппіз. Бұл жеті ата текпен тығыз байланысты және бастағы нейрондық байланысты нығайтатын практика. Ол практиканы 108 күн орындау қажет, сол қолмен жазу керек. Неге десеңіз, мидың сол жақ жарты шары логика, математика, ауызша ойлануды қамтамасыз етеді. Бұл практика ежелгі қасиетті жазбалалардан қалған дуние. Аталмыш практиканы қолданған адам нейрондық байланысын нығайтып, ойлану, тез шешім қабылдау, шаршамау қабілеттері артады және жеті атасының тегімен байланысын күшейтеді. Сол кезде адам өзінің рухы көтеріп,ойлану қабілеті артып, тез шешімдер қабылдап өмірінде керемет өзгерістер орын алады.
С: Қазақстаннан барғандар үздік болып, топ жардық деп қалдыңыз. Сізбен бірге тағы кімдер барды?
Ә.Ә: Иә, бұл Кавказ еліндегі оқуымызда бірнеше мемлекеттен адамдар болды. Ішінде біз, қазақстандықтар болып ерекшелендік. Күнделікті практикалық оқуымызда барлық практикалық сабақтарға белсене қатысып, ерекшеленіп отырдық. Менімен барған кісілер – алдыңғы жобамның серіктестері. Жақсылық мырза – Ақтау қаласының беделді кәсіпкері. Фариза Оңғарсынова апамыздың қорының жетекшісі, қызы Алмагул Макизқызы. Алматы қаласынан қаржы қызметкері Нағима Iргебайқызы.Тараз қаласының кәсіпкері Ляззат ханым. Мені бірден қолдап, ол кісілер осы оқу құралдарын желі арқылы алып, өмірлерінде керемет өзгерістер орын ала бастағаннан кейін ары қарай Кавказ елінде практикалық сабақтарды меңгеруге бірге бардық.
С:Ешнәрсе себепсіз болмайтыны анық. Дәл осы ғылымды Қазақстанға сіздің алып келіп жатқаныңыз да бекер емес шығар?!
Ә.Ә: Иә, бұл дүниеде себепсіз нәрсе жоқ. Мен үшін отбасы ең бірінші орында. Ұяңда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дейді ғой. Әкем марқұм хан дәуірінде дүниеге келіп, сол дәуірдің тәрбиесін алған. Революцияны қолдамаған кісі. Әкемнің 62 жасында мен дүниеге келдім. Енді өзі қалай тәрбиеленсе бізді де сол тәрбиеге бейімдеді. Отбасы құндылықтарын өте қатты ұстанған адам. Анам Әкеммен ақылдаспай шешім қабылдамайтын. Көненің көзін көрген әкем мені осы үлкен өмірге дайындап кетті. Кішкентайымнан мені отырғызып қойып, ақыл-өсиетін аямай білгендерінің барлығымен бөлісіп: «Ертең бойжеткенде осы әңгімелер есіңе түседі. Сол кезде мені есіңе алып отырасың. Бұл өсиеттерді саған ешкім жаны ашып сенімен бөліспейді», – дейтін. Осы күні жеткен дәрежем де, жетістіктерім де осы бойыма сіңіріп кеткен Әкемнің және Анамның тәрбиесі. Менің атымды Әдемі деп Әкем апасының атын ырымдап қойған екен. Кішкентай кезімнен жеті атамды жаттатып, қандай тектен шыққанымызды әңгімелеп отыратын. «Сен Қырықбай байдың әулетінің ұрпағысың, соны еш есіңнен шығарма» дейтін. Ал, Әдемі апа Қырықбай атамның Бәйбішесі болған. Қаратау етегінен бастап, Билікөлге дейін жер менің Қырықбай атамның жері болған екен. Сол жерде ауыл-ауыл болып біздің әулетіміз қоныстаныпты. Әр ауылда атамның бір-бір тоқалы болған екен. Ал, Әдемі апа сол елдің аузыбіршілігін, бірлігін жарастырған абыройлы бәйбіше. Қырықбай атам не шешім қабылдаса да сол Әдемі апаммен ақылдасып отырыпты. Әкем ырымдап, сол апама ұқсасын деп менің есімімді қойған. Сол Әдемі апаң сияқты боласың деп әрдайым айтып отыратын. Ырымы дәл келіп жатқан секілді. Осы өмірімде бір емес, бірнеше әулеттің бірлігін жарастырып келе жатқаным ешкімге өтірік емес
Асқар тау әкем 1995 жылы бақилық болды, мен небәрі 12-де едім. Әкемнен ерте айырылып өмірде тез есейдім. Ерте тұрмыс құрдым, барған жерімде қайын атам өзімнің екінші әкемдей болып кетті. 2014 жылы қан қысымынан бақилық болды. Мен үшін екінші рет Әкеден айрылу өте қатты соққы болды. Дайын емес едім. Осы дүниеде жасайтын құрметімді үлгере алмаған сияқты болдым. Өзегімді өртеді. Сол жылдары жеке кәсіптерімнің бірнешеуін жауып тастап, қайын атама, екінші Әкеме арнап «Сөнбейді, Әке, шырағың» деген кітабымды жаза бастадым. Әке алдындағы парызымды орындағандай болып, жаным тынышталды. Өзімнің Әкеме 20 жылдық асын беріп,еске алу бейнебаянын түсіріп басына үлкен ескерткіш қаладым. Менің пір тұтар Бәйтеректерім. Әркез бастарына барып құран бағыштап, жылдықтарында киелі Түркістан жерінде бірнеше рет ас беріп келеміз. Әкелерімнің әруақтары қолдап осы білім мен ілімге жол ашқан секілді.
С: Бұл ежелгі қасиетті жазбаларды меңгергісі келген адам бұл білімге қалай қол жеткізе алады?
Ә.Ә: Өте керемет дұрыс сұрақ. Менің өзімде бұл қасиетті жазбалар білімін іздену үстінде едім. Енді ізденсең алдыңнан шығады демекші менің парақшамның оқырманы маған осы білім туралы айтқанда қатты қызуғышылық танытып, бірден осы оқу модульдерінің басшыларына шығып, толық ақпарат алып желі арқылы сатып алып, тереңінен меңгере бастадым. Бұл білім 7 модульден тұрады. Сабақ,тапсырма және практика. Күнделікті және аптасына екі мәрте жабық вебинар өткізіледі. Ол вебинарда өмірдегі 9 жүйеге байланысты сіз сауал қойып жауабын алсаңыз болады. Өміріңізде түбегейлі өзгерістер орын ала бастайды. Мен өзімнің жеке практикамнан айтып отырмын. Керемет! Осы ғажайып білімдерді менің алдымнан шығарғанына Аллаға мың шүкір етемін! Осы қасиетті білім жайлы ақпарат алғысы келген жан журналда көрсетілген Istagram парақшама жазылып, директ арқылы сұрай алады
Мен білсем, сіз осыған дейін де елімізге бірнеше кәсіп түріп алып келген екенсіз. Осы туралы кеңінен айтып беріңізші.
Ә.Ә: Ағзамыздың жасушаларын жасартатын және ағзамызды сауықтыратын тәсілге (клеточное оздоровление и омоложение организма) байланысты мен 2005 жылдары Мәскеу қаласында білікті профессорлардың дәрісін алдым. Себебі сол жылдары денсаулық жағы маған өте маңызды болды. Осындай таза өнімді шығаратын Халықаралық компаниямен жұмыс істей бастадым. Бұл өнім елімізде өте жақсы сұранысқа ие болды. Осы компанияда жақсы жетістіктерге жетіп, жеке кәсібімді Тараз қаласында аштым. Ал 2018 жылы нарыққа жаңадан шыққан жасыл шыршаның сығындысынан дайындалып, белсенді күш-қуат беріп, гормондық фонды түзетін табиғи өнім туралы біліп, Ресей мемлекетінің Новосібір қаласына барып басшысымен танысып, кеңінен ақпарат алып, осы өнімді елімізге тікелей тасымалдауын келісіп келдім. Қазір бұл өнім елімізде керемет сұранысқа ие. Менің серіктесім және Қазақстанның ғылым докторы Туманова Әсел ханым осы жасыл шырша сығындысынан дайындалатын өнімге 8 ай бойы ғылыми зерттеу және тәжірибелік жұмыс жасаған. Биыл қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен онкологтардың халықаралық форумында сол зерттеудің нәтижесімен бөлісіп, баяндама оқыды. Бұл өнімнің нәтижесі өте қуантарлық.
Сіздің екінші есіміңіз бар екен. Қос есімнің қандай пайдасы бар?
Ә.Ә: Бұл екінші есімнің кішігірім тарихы бар. Биыл туған күнімде Алматы қаласында «Томирис» фильміне бардым. Фильмнен керемет әсер алдым. Ол жерде Томиристі ұл болады деп күткен. Менің ата-анам да мені ұл деп күткен. Томиристің әкесімен қарым-қатынасын әкем екеуіміздің қарым-қатынасымызға қатты ұқсаттым. Менің де әкем елімізге деген, жерімізге деген патриоттық сезімнің негізін кішкентайымыздан қалап қойған. «Осы қызым менің керемет, қайсар, өжет, шыншыл, әділетті, батыр қыз болып өседі», – деп арқамнан қағып, маңдайымнан сүйіп өсірді. Енді Томирис өзінің ғасырында өзінің еліне деген, жеріне деген махаббатын, отбасылық құндылықтарын сақтаған, батыр қыз болып, тайпалардың басын біріктіріп, бірлігін жарастырып, рухын биік асқақтатып көтерген. Мен де қарап отырсам, осы өз ғасырымның Томирисі екенмін. Алла Тағала сондай игі істі мен арқылы бүкіл адамзатына жеткізіп, ұлт-жанға қарамай рухын асқақтатып көтеріп, бірлігін жарастырып, Қазақ елімді, жерімді бүкіл әлемге танытуы мақсат етіп беріп қойғандай.
Осы фильмді көргенде ата-бабаларым мен әкемнің әруағы қолдап, қай тектен шыққанымды есіме қайтадан салғандай болды. Кавказ еліне барғанда тренингімізде екінші образдарың болуы керек деді. «Қай образда сендер өз мақсаттарыңды жүзеге асыра аласыңдар, соны төсбелгіге жазып, мағынасын айтып бересіңдер», – деді. Сол кезде Томирис образы бірден ойыма түсті. Енді Томирис аты менің бүркеншек атым болды. Кавказ еліне барып қазақстандықтар қошеметке бөленіп, рухымыз асқақтап, ең белсенділері болып, басқа елдің азаматтарын тәнті етіп қайттық. Бізді көрген сайын «Қазақстан, алға!» деп біздің тілімізді үйренгілері келді. «Біз сендерден отанымызды қалай сүю керек екенін үйреніп отырмыз», – деді. Бір-бірімізге деген қошеметімізді көріп, ұлт-жанға бөлінбей, барлығына көмектесіп, баладай қуанғанымызға қарап бізден алғыстарын аямады.
С: «Сыртта болып жатқан проблемалар – ішкі әлеміңнің нақты айнасы» дейді нейропсихологтар. Сіз не дейсіз?
Ә.Ә: Өте дұрыс! Адамның жан дүниесі – энергия. Адамның бала кезден ата-анамен қарым-қатынасы дұрыс дамып, араларында реніш болмауы тиіс. Дұрыс энергияны қабылдау үшін сыртқа дұрыс энергия шығу керек. Балалық шақтан қалған реніш болса, онымен жұмыс істеу қажет. Біз онымен төртінші модульде жұмыс ітсейміз. Ішкі дүниеңіз дұрыс болса ғана, сіз дұрыс энегрияны қабылдай аласыз. Сол кезде өміріңіздің 9 саласы дұрыстала бастайды.
Әдемі ханым, төрт құбыласы тең адам жоқ дейміз. Бірақ, біреудің мансаптағы жолы болып тұрса да, денсаулығы жоқ. Неге бұлай?
Ә.Ә: Міне, бұл жерде де 9 саланы айтып тұрмыз. Өмірімде талай жетістікке жеттім. Кәсіп жасадым. Кез келген компанияны аяқтан тұрғыза алатындай білімім бар. Бірақ менің де жеке басыма қатысты ойымда сан сұрақ. Не нәрсеге бейім болсам соны дамытып, әлсіз тұсымды жабық күйінде қалдырған екенмін. Адам өзіне-өзі неден қорқатынын мойындамайды. Сол әлсіз тұсымды жауып қойып, онымен бетпе-бет келмей, өзімді әрдайым ақтап алатынмын. Жауабын таппаған соң ашқым келмейтін. Қазір жауапты таптым. Барлық жүйем дұрысталып келе жатыр, дұрысталды да. Әр адамның қорқынышы бар. Егер біліміңіз толығып, осы ежелгі киелі даналық ілімін меңгерсеңіз, қай салада болмасын қорықпайсыз. Жұмыс, қаржы, қарым-қатынасқа қатысты үрейдің бәрінен түбегейлі ажырайсыз.
Қазір не нәрседен қорқасыз?
Ә.Ә: Бір Жаратушыдан ғана қорқамын. Адамның бойынша әйтеуір бір дүниеге тәуелділік болады. Дүниеге, мансапқа. Мен де сондайлардың бірі болдым. Оны жасырмаймын. Тәуелділіктен қажып кеттім де өзімді тоқтата білдім. Білім жинап, іздендім. Өзімді таптым. Қорқыныш, тәуелділіктеріммен күресе бастадым. Міне, нәтижесінде, жанымда тыныштық орнады. Адам өзінің әлсіз тұстарына бір қадам жасау арқылы бұл өмірде жетістікке жетеді. Мұны өзімнің өмірілік тәжірбиемнен алып, сенімді түрде айтып отырмын.
Сізді осы өмірде не жетелеп келе жатыр?
Ә.Ә: Мені бұл өмірде өзіме деген сенім жетелеп келеді. Кіршіксіз сенім және асқақ армандарым. Мақсатым – осы игі, сауапты ісімді бүкіл Әлемге паш етіп және менің Қазақстан атты елімді, қасиетті жерімді дүниежүзіне жаңа қырынан ашу. Адам өз-өзіне кіршіксіз сенуі тиіс. Ешқашан ешнәрсеге өкінбеймін. Құласам тұрамын-дағы, тағы бір істі жүзеге асырамын. Жан-жақты дамығанды жаным сүйеді. Бұл өмірде үйретерім де бар, үйренерім де көп. Барлық салада тәжірбием баршылық, Алла шүкір. «Сырласу» журналының кәсіби шығармашылық тобына алғысым шексіз! Сіздерге көп рахмет!
Сұқбатыңызға рахмет!