ақша шақыратын ырымдар
ОтбасыОтбасы бюджеті

Ақша шақыратын ырымдар

1.19K (1000)Қаралымдар

Ақша шақыратын ырымдар барын білесіз бе? Рас, ақшаны шақырсаңыз – келеді! Тек қай күні не істеу керектігін білсеңіз болғаны!

Ақшаның шын мәнінде қуат екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Өмірімізде қуат қаншалықты көп болса, ақша да соншалықты молая түседі. Халық арасында «ақша ақшаны тартады» деген ұғым бар. Сол сияқты бойда қуат болмаса, қолға ақша түспей, берекесі кетеді.  Айтулы мақалады өмірімізге табыс әкеліп, бойдағы қуатты арттырып, ақша шақыратын ырымдар тізбегін тізіп шығуды жөн көрдік.

“Сырласу” ұсынған жеті күндік ақша шақыратын ырымдарды орындап көріңіз.

Дүйсенбі

Егер дүйсенбі күні 13 деген санға сәйкес келсе, сағат 13:13-те дастархан басында отырып, 13 тиынды есептеп, оны бір сағаттың ішінде жұмсап жіберіңіз.

Сейсенбі

Егер ескі, дақ түскен тиынды тауып алсаңыз, оны әмияныңызға салып қойыңыз. Оның жанында тұрған ақша ірі болған сайын, табысыңыз да молая түседі.

Сәрсенбі

Елу теңгені ұсақтап, кедей ер адамдарға таратып шығыңыз. Осылайша, сіз өміріңізден жағымсыз сәттер мен сәтсіздікті, кедейлікті алыстата аласыз.

Бейсенбі

Үйден шықпас бұрын ақшаны бүктеп, алақаныңыздың арасына салып, екі қастың арасына жақындатыңыз. Ақшадан өзіңізге дәулет пен сәттіліктің келуін сұраңыз.

Жұма

Ақша өзін бағаламайтын, ұқыпсыз адамдарды ұнатпайды. Сол себепті үйіңізде де киіміңізде де тесіктің, жыртықтың болмауын қадағалаңыз. Сондай-ақ, әмияныңызға үнемі тиын салып жүріңіз. Ол магнит іспетті өзіне өзге тиындарды тартып тұрады.

Сенбі

Қапқа бұршақ немесе тиын салып, ас бөлмеңіздегі ешкімнің көзі түспейтін жерге жасырып қойыңыз. Осыдан кейін үйіңізге ақша өздігімен кіре бастайды. Тіпті, күтпеген жерден олжалы болуыңыз мүмкін.

Жексенбі

Тәрелкені алып, оған тұз себіңіз. Содан кейін: «Тұзбен бірге қайғы да кедейлік те кетсін» деп бірнеше рет қайталаңыз. Әмиянды тұздың үстіне қойып, таңертең сөмкеңізге салып қойыңыз.

7 күнге арналып жазылған ақша шақыратын ырымдар байлыққа жетелейді. Соны ұмытпаңыз! Десе де, бұл “үйде отырып, ақша шақыратын ырымдарды орындап байып кетемін” деген сөз емес. Байлыққа жету үшін алдымен жұмыс істеп, әрекет ету керектігін де жадыңызда қстағаныңыз жөн. Ырымдар мен сенімдер тек жетістікке жету құралдарының бірі ғана.

Ақша шақыратын ырымдарға сенесіз бе?
  • Өз жауабымды қосу

Ұқсас мақалалар:

Ақша ұстауда әйелдер жіберетін 8 қате