«Автопилотта тамақтану» дегеніміз – санамыздан тыс ауқаттану. Мәселен, пакеттегі чипсілерді (қытырлақ картопты) қалай жеп қойғанымызды түсінбейміз немесе отырған орнымыздан атып тұрып, асүйге тағы бір кекс жеу үшін ораламыз, сондай-ақ мейрамханада тәрелкедегі асты «жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» десіп, тоя жеуге асығамыз. Мұның барлығы бақылаудан тыс дүниедей сезілуі мүмкін.
Айта кету керек, бейсаналы түрде тамақтанған уақытта тағамның дәмін сезінбейміз. Бұл – уақыт, күш-қуат және каллорияны жоғалтумен тең. Сонымен қатар, санадан тыс тамақ жеу – шамадан тыс ауқаттану мен салмақ жинаудың негізгі себебі болып табылады. Жалпы мұндай жағдайда қашан тоқтау керектігін ұғыну қиынға соғуы ықтимал. Бейсаналы түрде тамақтанудан саналы ауқаттануға ауысу салмақ пен денсаулыққа қатысты үлкен өзгерістерге әкеліп соғуы бек мүмкін.
Артық тамақтануды тоқтатудың 5 қадамы
1. Өзіңізге жанашырлық танытыңыз
Бейсаналы түрде шамадан тыс тамақтанудан кез келген адам ашу-ызалы күйге енеді. Ал оның салдары жағдайыңызды одан сайын нашарлата түседі.
Адамның өзін-өзі кінәлауы мен ашуға жиі бой алдыруы болып жатқан жағдайларға назар аудару қабілетін төмендететіндігін ұмытпаңыздар.
Ал егер адам осы энергияны жаңа дағдыларды қалыптастыруға жұмсаса, көп ұзамай күткен нәтижесін көрері анық. Тамақ ішіп отырған уақытта шамадан тыс тамақтанып жатқанын сезген жан тоқтап, терең дем алып, болып жайтқан жағдайларға назар аударуы қажет. Дәл осы уақытта адам орынсыз әдетті өзгерту үшін жұмыс жасап жатқандығын түсіне білуі керек.
2. Белгілі бір жағдайды мақсат етіңіз
Әрбір адам үлкен өзгерістерге бет бұруды қалайды және осыған байланысты идеялар кез келгенге ұнары сөзсіз. Бұл жердегі басты кедергі өзгерістерге деген дайындықтың еңсерілмейтіндей болып көрінуінде. Бейсаналы түрде артық тамақтануды өзгерту барысында бір жағдайды, күннің бір мезгілін және бір тамақты алып сынап көріңіз.
3. Санадан тыс артық тамақтану туралы ойлаңыз
Жұмыс үстелінде ас ішіп отырып, бар ойыңыз тек жасап жатқан жұмысыңызда болуы ықтимал немесе кешкі ас кезінде теледидар көруіңіз бек мүмкін. Міне, осы себептерден де артық тамақтану мәселесі туындайды.
Яки сізді тоқтаусыз тамақтануға мәжбүр ететін жасырын қажеттіліктер бар. Мысалы, тамақтануды өзіңіз еңсере алмайтын қиын дүниені кейінге қалдыру мүмкіндігі ретінде пайдаланасыз. Оның жағымды жағы да болуы мүмкін: яғни ауызыңызға апарған тамақ туралы ойламайсыз.
Егер артық тамақтанудың себебін таба алмасаңыз, алаңдамаңыз, тек оларды бір парақ қағазға жазып алсаңыз болғаны. Өзіңізде не болып жатқандығы туралы ойлауды жалғастыра беріңіз.
4. Көмек болар дүниелердің тізімін жасаңыз
Жеген асыңызды есте сақтауға көмектесетін дүниені таңдаңыз. Толығымен тоқтап немесе толығымен өзгерудің қажеті жоқ. Тек кешегі күннен гөрі тиімдірек болуды мақсат ету қажет.
Компьютер мен ұялы телефонды өшіріп, кітап оқуды кейінге қалдыру арқылы түскі ас ішуді жөн көрерсіз, бәлкім. Тамақтың жартысын жеп болған соң, тоқтап, өзіңізден «Мен ашпын ба?» деп сұрап көргеніңіз дұрыс болмақ. Бұл тек ұсыныс қана. Десек те, өзіңіз тәжірибе жасап, жаныңызға жақынын көріңіз. Мәселен:
-
- Тамақ ішер алдында үзіліс жасап, өзіңіз үшін шешім қабылдаңыз: «Иә, бүгін ішер асыма көбірек көңіл бөлетін боламын».
-
- Тамақты дастарқандағы ортақ тағамнан алып отырмай, алдын-ала жеке ыдыстарға бөліп қойыңыз.
-
- Мүмкіндігінше, бар назарыңызды тамаққа бөліңіз. Не істеп жатқандығыңызға көңіл бөліп, өзіңізге тамақтан барынша рахат алуға мүмкіндік сыйлаңыз.
-
- Егер кешкісін кездесуге баратын болсаңыз, алдын-ала дайындалыңыз, тамаққа деген тәбетіңізді ойлаңыз. Мысалы, наннан бас тартуға немесе швед үстелінен тек екі жеңіл тағам таңдауға байланысты шешім қабылдай аласыз. Яғни кешкі ас ішу барысында асқа жиі қол соза бермей, шанышқыны қойып, әр екі тілімнен кейін кідіріс жасап отырыңыз. Осылайша, автопилот пен драйфтан аулақ болатыныңыз сөзсіз.
5. Үзіліс жасап отырыңыз
Бейсаналы түрде артық тамақтану ағза үшін де зиянды болмақ.
• Тамақ ішу барысында үзіліс жасап, өз жоспарларыңызды еске алып отырыңыз;
• Тоқтамға келу үшін бір әдеттер ойлап табыңыз. Бұл қарапайым әдіс болып көрінуі мүмкін. Мәселен, тамақтанар алдында қолды жуу, ерін далабын жаңарту немесе алғыс сөздерін айту дегендей.
Егер өзіңізді бейсаналық тамақтану эпизодының ортасында немесе соңында ұстасаңыз, бұл, әрине, жаман емес. Ақылсыз тамақтануды бақылау «жүйе» іспетті қарастырылады. Бұл қадамдарды күн сайын қайталаңыз. Уақыт өте келе бейсаналық аштық неден пайда болатынын түсіне бастайсыз және ойыңызда тоқтау стратегиялары көбірек пайда бола бастайды.