News

Алматыда Mercedes-Benz инновациялық дилерлік орталығы жұмысын бастады

Алматыда Орталық Азия мен посткеңестік кеңістіктегі ең ірі Mercedes-Benz Blue Star of Kazakhstan инновациялық дилерлік орталығы ашылды.

Шоурумының ауданы 1929 шаршы метрді құрайтын Mercedes-Benz Blue Star of Kazakhstan орталығын қазақстандық компания салған, оның құрылысында ең озық инновациялар қолданылған, әрі жаңа MAR20XX стандартына сәйкес келеді.

Прогресс, инновациялар, әр бөлшекте алдыңғы қатарлы технологиялардың көрініс табуы – MAR20XX стандарты дегеніміз осы.

Дилерлік орталық концерннің барлық заманауи жаңашылдықтары мен инженерлік шешімдеріне сай келеді. Карл Бенц MercedesBenz автокөліктерінің премиум-санат сегментінде бәріне үлгі болуын әрдайым мақсат тұтатын. Сондықтан бренд үнемі дамып, цифрлық технологиялар, онлайн-сауда жағын жетілдіріп, жаңа тәжірибе жинақтауда“, – деді орталықтың ашылу салтанатында брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, “Автокапитал” ЖШС-нің бас директоры Андрей Кунах.  

Дилерлік орталықтың бірінші қабатына эксклюзивті түрде құрастырылған Mercedes-Benz автокөліктері қойылған, екінші қабатта Mercedes-AMG спорт көліктері орналасқан.

Mercedes-Benz өнімдерінің тізбегі – тек жеңіл көліктерден тұрмайды, олардың қатарында жүк көліктері де бар, дилерлік орталық B2B сегментінде бизнес жүргізу үшін аса маңызды саналатын оңаша әңгімелесу үшін барлық жағдай жасай отырып, сатып алушыға брендтің коммерциялық желісінің ерекшеліктерін жан-жақты жеткізуге мүмкіндік береді.

Mercedes-Benz Blue Star of Kazakhstan орталығында оңаша және жартылай оңаша бөлмелер, лаунж-зона мен көліктерді тапсыру аумағы бар.

Дилерлік орталықта брендті дыбыс арқылы қабылдау мүмкіндігі – Sound Counter ерекше жүйесі де қарастырылған. Бұл аудиожүйе Mercedes-AMG автокөліктері қозғалтқыштарының кез-келген түрінің газ шығару жүйесінің дыбысын айнытпай салады.

Біз жеке тапсырыстарға да дайынбыз, индивидуалды жинақтама бойынша құрастырылған кез-келген көлікті 4-6 ай ішінде жеткізіп бере аламыз. Бұл – премиум-брендке сәйкес келетін қалыпты жеткізу мерзімі,– деп түсіндірді “Автокапитал” ЖШС сату бөлімінің жетекшісі Наталья Белецкая.

Mercedes-Benz сервистік қызмет көрсету аумағы 3 бөліктен тұрады: жеңіл көліктер сервисі, ірі габаритті көліктер сервисі және шанақ пен дайындық жұмыстарының цехы.

Жеңіл көліктер сервисі күніне 50 көлікке дейін, жүк көліктері сервисі күнделікті 20 көлікке дейін қызмет көрсетуге қауқарлы.