Екеудің құпиясыЖан әлемі

Бақылаусыз сезім: Сүйіктіңнің бақылау жүргізуіне жол берме!

Жаңа таныстық, жана сезімдер әйел затын еліктіреді. Өйткені сен ғашықсың, айналаңдағы әлем тіпті керемет! Кейiн осы керемет сезімдер өзгере бастайды. Таңғалдыратын біраз нәрселердің куәсі боласын. Атап айтқанда: қысқа әрі тырысқан белдемше киюге болмайды, көзді қатты бояу тек жеңіл жүрiстi әйелдерге бейім, құрбылармен кездесуге де ендi еріңнің рұқсаты қажет болады.

Бұл сенiң жұбыңның бiр қыры ғана. Екiншi кырынан карасан ол сондай керемет жан! Бәрін ойлап, асты-үстіңе түсiп тұрады, жанын берiп сүйеді. Оның анда-санда болып тұратын қатаң талаптары үшiн байланысты үзгiң келмейді. Егер осылай ойласаң арада болып тұратын келеңсiздiктердi қолға алып, оның жеке бакылау торына түспеудің жолдарын карастыру керек.

Өз талаптарыңды орната біл

Мәселен, айдың әрбiр 15-ші жұлдызында құрбылармен кездесетін болсаң немесе әріптестермен бірге айына бір рет тауға шығу сынды дәстүрлi кездесулер болса ол туралы жiгiтiңе жұп болған күні-ак айтып, басын ашып алу кажет. Егер ол сенен қашып кетпесе, сені осы қалыпты өмiрiңмен бiрге кабылдағаны. Яғни, болашакта өзіңнің сүйікті iстерiң мен достарыңнан сүйiктiң үшiн бас тартпайтын боласың.

Кейде оған жол берген де жөн

Менiң Аян есімді кұрбым о бастан-ақ, сүйіктісімен ыммен, көзкараспен түсінетін байланыс орнатып алған. Яғни, жұма күнi ол өз достарымен кетсе, Аян өз құрбыларымен уакыт өткiзедi. Аянның айтуынша «Басқа күндерi олар ажырамайды». Дегенмен, онын өзiнде жалғыздық сағаттары тағы бар. Ол компьютер ойындарымен алданып отырғанда, Аян өзінің сурет салу ермегімен шұғылданады. Бұл нағыз бақыт!

Ең күштi шайқас – оны болдырмау. Екi жаққа да тиiмдi талап ара-қатынастарынызға тыныштық сыйлайды. Ал ара-тұра уақытты жеке өткiзу – бiр бiрiңнен жалығудан сактайды.

Әр нәрсеге басқа көзқараспен қарауды үйрен

Менiң әрiптесім Арман өз жұбайына ешқандай шек қоймайды. Бiрақ, мықты бакылауда ұстайды. Егер әйелi құрбыларымен кыдырып кеткен болса ол  кез-келген уақытта сол жерге бара алады немесе қоңырау шалады. Арманның айтуынша бұл «мезгiлсiз немесе күтпеген тексеру» болып табылады. «Қыздар, сендер бакылаусыз отырған жоқсыңдар, бiреулер тисе калса мен жақыннан табыла каламын» дегендi бiлдiредi.

Саған бақылау ұнамай ма? Оған ер адамнын көзқарасымен қарап көрші?! Бәлки бұл оның қымбаттысына жасаған жанашырлығы шығар?! Ер азаматтар түсiнiгiнде нәзiк жандыларды қорғау дәл осылай болады.

Өзің шешім қабылда

Бұрындары мен дүкенге жiгiтiммен бірге баратынмын және көп жағдайда ешнәрсе сатып алмай, көңіл күйсiз қайтатынмын. Оның айтуынша «маған ұнаған белдемшелер тым қысқа, ал жейдешелер ашык-шашык, мен таңдаған биiк өкше өрескел көрiнедi». Нәтижесінде шыдамым таусылып, тығырыққа тiрелiп, сүйiктіммен арада түсінбеушіліктер болды. Оның есіне алғаш таныстығымызды сала отырып, ол кезде де мен қалауымша киім кигенiмдi айттым. Бұдан былай дүкенге кұрбыларыммен баратын болдым. Оның араласуын қажет етпейтін кейбір мәселелердi өзiң шеш. Еріңнен рұқсат немесе кеңес сұрау арқылы, өз ойыңнан мүлде алшақтайтыныңа сенiмдi бол.

Ол қасыңда болғанда мұны мүлде істеме

Гүлмира анда-санда құрбыларымен мейрамханаға барып, бiр бокал шарап ішкенді ұнатады. Ал, оның жiгiтi мұндай әуестігіне қарсы. Бастапқыда осыған қатысты талай даулар туындаған. Енді Гүлмира қулыққа көшiп, құрбыларымен кездесуге оған айтпай баратын болды. Әрине, өтiрiк айтқан дұрыс емес. Дегенмен, кейде көп нәрсенi жасырып қалу алдағы дауды болдырмаудың жалғыз жолы болады.

Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні: Статистика бойынша жігіттердің тек 14 пайызы ғана өз сүйіктiлерiне бақылау жүргiзедi екен. Егер өзiңдi катаң талаптағы түрмедегiдей сезінсең сүйіктіңмен сөйлесіп, мәселені шешіп көр. Қалаған мақсаттарыңа жете алмасаң бағыңды қалған 86 пайыз жiгiтке бағыттап көргенің дұрыс болар. Ештен кеш жаксы екенін ұмытпағайсың!