Cән мен сұлулықДене күтімі

Барлық қыз келіншектердің мәселесін шешетін 6 кеңес

Сусабын сыры

Қатты көпіретін сусабынды сапалы деп ойласаңыз – қателесесіз. Табиғи қоспалармен жасалғандар көпіршуге бейім болмайды. Сонымен қоса, жеміс-жидектің иісі аңқып тұрса, құрамы таза жемістен тұрады деген сөз емес. Ол – иістендіргіштердің құдіреті. Сусабынның жақсысын таңдап, сатып алу жеткіліксіз. Оны дұрыс пайдалану да маңызды. Шашыңызға жаққан соң, бірден жуып тастамай, 5 минут ұстаңыз. Сонда бұрымыңыздағы майды, кірді жақсы кетіреді.

Келбетке нұқсан келмесін!

Ұшық кімнің болса да ажарына көрік бермесі анық. Оны кетірудің оңай жолдарын ұсынамыз. Мақтаны спиртке малып алып, ұшыққа бірнеше рет жағыңыз. Спирт оның кеуіп кетуін тездетеді. Аурудың енді басталып келе жатқанын сезген кезде дереу сол тұсқа лимон жағыңыз. Бұл аурудың әлсіреуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Ұшықтың бетін қайтаруға С дәрумені көмектеседі. Дәруменнің біршама бөлігін жылы суға салып ерітіңіз. Қабынған жерді абайлап сүртіңіз. Мұндай әдістен кейін ауырсынасыз, бірақ оның пайда болуына кедергі болады.

Тырнағыңызды қатайытқыңыз келсе…

Ол үшін дәріханада сатылатын А және Е дәрумендерімен тырнақ үстін сүртіңіз. Бұл амал тек қаттылық қана бермейді, сонымен қоса саусақтың қоректенуіне әсер етеді. Мұны ұйықтар алдында істеген жөн. Сонымен қоса, әрдайым қолға арналған крем жағуға дағдыланыңыз. Компьютер алдында көп отырсаңыз, үстеліңізде міндетті түрде қол кремі болсын.

Өкшеңізді күтіңіз

Қарапайым балалар сабыны мен сүттен жасалған ванна табаныңызды сәбидікіндей нәзік әрі жұмсақ етеді. Кешкісін шұңғыл табаққа ыстық су құйыңыз. 1 ас қасық үккіштен өткізілген балалар сабыны мен жарты литр жылы сүт қосып араластырыңыз. Аяғыңызды су суығанша буда ұстаңыз. Өкшеңізге скраб жағып, арнайы құралмен ысқылаңыз. Бөлме температурасындағы сумен шайып, бірден қоректендіретін крем не кез келген өсімдік майын жағыңыз. Мақтадан жасалған шұлық киіп, ұйқыға жатыңыз. Таңертең өзгерісті байқайсыз. Аптасына 2-3 рет, ал күні бойы аяғыңыздан тік тұратын болсаңыз 3-4 рет жасаған дұрыс.

Мінсіз макияж

Визажистер сопақша бет формасын кемшіліксіз тип деп санайды. Оларға макияж жасап, одан әрі сұлуландыруға болады. Күнделікті бет бояуыңызға теріңізге сай әр беретін крем жағыңыз. Беттің дәл ортасынан құлаққа қарай өңлікті қолдансаңыз болады. Осы қарапайым әдіс бет пішініңізді айқындап, жүзіңізге нұр береді.

Әтірді қалай таңдаймыз?

Иіс суды қандай жерге баратыныңызға қарай сепкен жөн. Күнделікті тұрмыста жеңіл, салқын жұпарларды қолданыңыз. Мәселен, қияр, қауын, цитрус. Жоғары дәрежелі жиындарға, мейрамханаға барғанда салмақты, дәрежелі хош иістерді себіңіз. Кешкі сәнді көйлекпен кофе, шафран жұпарлары үйлесім табады.