News

«Бір сөзбен айтқанда» әлеуметтік жобасы жарық көрді

«Бір сөзбен айтқанда» әлеуметтік жобасы  Қазақстан қоғамынында орын алған отбасындағы қарым-қатынас және буллинг, экология мен жетім балалардың мүддесі сияқты өзекті мәселерді қозғайтын қысқаметражды көркем фильмдер.

Айта кетейік, жабық  көрсетілім 22 желтоқсанда ірі кинотеатрлар желісінің бірінде өткен болатын. 
Көпшілік көрермен фильмдерді YouTube желісінен көретін болады.

«Сөз», «Әрекет» және «Естелік» – үш қысқаметражды фильм маңызды мәселелерді көтеріп, әркімнің бұл сұрақтарды шешу үшін жеке тұлға ретінде және Қазақстан нарығында қызмет етіп жүрген мекемелердің деңгейінде шешу жолдарының бар екенін көрсетеді. Жобаны іске асырған жас әрі тәжірибелі, «Паралимпиец» фильмімен танылған режиссер Алдияр Байракимов бастаған шығармашылық топ, қоюшы операторы Азамат Жанабеков және сценарийін жазған Роман Жуков.

Режиссер Алдияр Байракимов «Бір сөзбен айтқанда» жобасы жайлы: «Мұндай фильмдер жарық көргені дұрыс, көпшілік қауым күнделікті өмірде көз жұмып үйренген мәселелермен танысуы керек. Алайда тек драма емес, фильмдер әр түрлі көрерменге қызық болсын деп жеңіл жанрда беруге тырыстық. Себебі, әр көрермен фильмнен өзіне қажетін алып, ең бастысы ойланғанын қалаймыз. Көрсетілім сәтті өтсін!»

Бұл жобада үш оқиға көрсетілген. «Сөз» фильмінде Әсемгүл деген бойжеткен қыздың оқиғасында жасөспірімдердің сырт көзге жабықтау және байсалды болып көрінгеніне қарамастан, іштей өте сезімтал болатындығы, және отбасының, достарының қолдауын қажет ететіні көрсетілген. «Әрекет» – әзіл аралас жеңіл жанрда рұқсатсыз қоқыс тастау, қоршаған ортаны ластау тақырыбын қозғап, жеке тұлғаның әрекеті үлкен мәселерді шешуге ат салыса алатыны туралы ой қозғайды. «Естелік» – жетім балаларға назар аудару, олармен дос болып, мейіріммен бөлісу әркімнің қолынан келетінін көрсететін фильм.

Басты рольдерді Марат Көккозов,
Азамат Рзагалиев, Кенжебек Башаров, Азиз Бейшеналиев, Кулжамал Қазақбаева, Азамат Абдильдинов, Жанерке Батырбек, Алия Жанатқызы, Жандарбек Садырбаев және тағы басқа актерлер сомдаған. Шығармашылық қойылымды жүзеге асырған Оксана Азаматова, музыкалық өңдеуші –Әділжан Толукпаев пен Никита Карев.

Жоба демеушісінің Орталық Азиядағы бас директоры Анастасия Бойко: «Бұл біз өмір сүріп жатқан үлкен әлемнің бір бөлігі, біз осында әр түрлі проблемалармен кезігеміз, бірақ оның бәрін шешуге болады, кейбіреуін өз бетімізбен, ал кейбір мәселелерді шешу үшін іс-шараларды бірігіп атқаруға дайынбыз. Бұл киножоба көтерілген тақырып жөнінде көрерменді ойландырады деп үміттенеміз, және біз де мекеме ретінде бұл проблемаларды шешу үшін өз үлесімізді қосуға тырысамыз.” деп атап өткен болатын.