Гель лактардан соң, тырнақтың табиғи жолмен қалыпқа келуі үшін кемінде 1-2 ай уақыт керек. Оған дейін қабыршықтанып, қайта-қайта сынып көңіл күйді түсіреді. Бұл мәселенің орнын толтыру үшін мамандар Био гельді ойлап тауыпты. Ең біріншіден, био гель тырнақ үстін зақымдамайды. Екіншіден, тұрақты әрі жібіту арқылы оңай алынады. Үшіншіден, гипоаллергенді. Яғни, терінің, тырнақтың қабынып, аллергияның тууына жол бермейді.
Нарықтағы көптеген гель лактар оңайлықпен жағылмайды. Оларды жағу үшін тырнақ үстін тегістеп тазалау керек. Бұл тырнаққа айтарлықтай зиян келтіріп, табиғи эмалін жояды. Ал, биогельді пайдалану кезінде тырнақты тегістеудің қажеті жоқ. Ол өзінің оңай жағылатындығымен ерекше.
Осы аталған артықшылықтарға толықтай сай келетін Calgel биогелінің Қазақстанда пайда болғанына көп болған жоқ. Десе де, ақылды сұлулыққа құмар жандар арасында сұранысқа ие. Бұл бренд алғаш рет Жапонияда Mago Brook Co, Ltd жапондық корпорациясының аясында пайда болған. Қазақстандағы ресми өкілі – COOL BEE компаниясы. Бұл компания 2016 жылдан бері Calgel биогелін Қазақстан нарығына алып келген.
Енді, бұл компания «Сырласу» журналы мен сайтының оқырмандарына өз өнімдерін 15% жеңілдікпен ұсынбақшы. «Сырласу» журналының маусым айына арналған санынан жеңілдік купонын қиып алып, компания салонына барсаңыз сізге жеңілдік жасайды немесе syrlasu промо-кодын айтсаңыз да болады.