эндометриоз
ДенсаулықСаулық үшін

Эндометриоз туралы 9 аңыз

Көпшілігіміз өз диагнозымыз туралы білмей, күдіктенбей, жайбарақат өмір сүре береміз. Осының салдарынан әйелдер бойында ауыр зардаптарымен және операцияны талап ететін эндометриоз туындайды. Сол себепті, жауды іштен тани білейік!

Эндометриоз – жатырдың ішкі қабығындағы жасушалардың дененің басқа бөліктерінде өсуі, таралуы. Эндометриоз іштің, белдің, тік ішектің ауыруы мен етеккір кезіндегі ауырсыну және жыныстық қатынас кезіндегі ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.

Бұл – гинекологиялық аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетін екінші ауру. Бірақ бұған көп жағдайда диагноз қойылмайтындықтан, әйелдер ауырсынуларға аса қатты мән бермейді. Ауру белгілерінің диагноз қойылғанға дейінгі уақыты орташа есеппен 7,5 жылды құрайды.

Бұл туралы мамандар не дейді?

1 аңыз:

Эндометриоз етеккір кезіндегі ауырсыну

Алайда, бұл шындыққа жанаспайды. Ауру белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен:

етеккір аралығындағы қынаптық бөлініс;

тұрақсыз цикл;

етеккір кезіндегі ауырсынулар;

ішектің ауруы;

жыныстық қатынас кезіндегі ыңғайсыздық.

2 аңыз:

Эндометриозды диагностикалау қиын

Бұл шындыққа жақын нұсқа. Әйелдерге түрлі диагноздар қойылады. Кейде эндометриозды анықтау үшін ультрадыбысты зерттеу немесе лапароскопия қажет.

3 аңыз:

Осы аурумен өмір сүресіз

Бұл олай емес. Көп әйелдерде етеккір ауырсынулары болуы мүмкін, бірақ эндометриоз кезінде ауру одан сайын асқына түседі, тіпті олардың қозғалуы да қиындайды. Сондықтан тәніңіздегі ауру белгілерін сезсеңіз, дәрігерге қаралыңыз. Эндометриоздың нақты емі жоқ, дегенмен оның белгілерін бақылауға және өміріңізге әсер ететін ауырсынуларды азайтуға болады.

4 аңыз:

Емдеудің жалғыз жолы жатырды алып тастау

Бұл өте кең таралған қате түсінік. Бұрын жатырды алып тастау эндометриозды емдеудің жалғыз тәсілі еді, бірақ одан бері медицина алға басты. Бүгінде бұл ауруды гормоналды дәрі-дәрмектермен және аралас ішілетін контрацептивтермен емдейді. Кей жағдайларда эндометрия жасушаларын алып тастауға арналған хирургиялық әрекет көмектеседі.

5 аңыз:

Ауырсынуды жою мүмкін емес

Көп әйелдер эндометриоздағы ауырсынуларды тек етеккір кезінде ғана сезінбейді, жай күндері де аздаған ауру белгілері байқалуы бек мүмкін. Бастапқыда ауырсынуды басатын дәрілерді қолданып көріңіз, ал егер олар көмектеспеген жағдайда арнайы әсері бар күшті гормоналды препараттар тағайындау үшін дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Егер ауырсыну тек етеккір кезінде ғана сезілсе, онда арнайы контрацептивтер көмегімен жылына келетін етеккір санын азайтуыңызға болады.

6 аңыз:

Эндометриоз бедеулікке әкеледі

Эндометриоз бен бедеулік арасында тікелей байланыс жоқ. Эндометриоз – тек ілеспе фактор. Аурудың ауыр жағдайында аналық жасушада кисталар түзіліп, репродуктивті денсаулыққа әсер етуі мүмкін. Кейде кисталарды алып тастау табиғи ұрықталуға деген мүмкіндікті едәуір арттырады.

7 аңыз:

Жүктілік эндометриозды емдейді

Кейбір әйелдерде етеккірдің тоқтауымен (жүктілік кезінде немесе гормоналды контрацептивтерді қабылдаумен) ауырсыну сезімдері де жоғалады. Алайда ауру белгілері бала туылғаннан кейін қайта туындауы мүмкін.

8 аңыз:

Маған тітіркенген ішек синдромын қойды

Кейде қаншама жыл қатарынан эндометриоз бен тітіркенген ішек синдромын бір-бірінен ажырата алмай жатады. Ішекте эндометрия жасушалары өскен кезде ішек тітіркенуіне ұқсас белгілер пайда болуы мүмкін.

9 аңыз:

Жасөспірімдерде эндометриоз болмайды

Әдетте әйелдерде эндометриоз 25−40 жас аралығында байқалады. Ал жасөспірім қыздарда бұл ауру диагностикаланбауы мүмкін. Салдарынан қыздар көп жылдар бойы белгісіз ауру салдарынан қиналады. Егерэндометриоз белгілерін байқасаңыз, міндетті түрде мамандардың көмегіне жүгініңіз.