ДенсаулықСаулық үшін

Дәрі-дәрмекті дұрыс сақтап жүрсіз бе?

Дәрі-дәрмектерді сақтау ережелеріне көп нәрсе байланысты. Олардың құрамында әртүрлі белсенді компоненттер бар. Сол себепті егер дәрі дұрыс сақталмаса, өз сапасын өзгертіп жіберуі мүмкін. Мұндай дәрі енді ағзаға пайда әкелмейді, ал кейбір жағдайларда тіпті, зиян тигізуі де ғажап емес.

Дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі белгіленген уақытына дейін сол қалпы сақталуы үшін қолайлы орынды таңдап алу қажет.

Ол үшін бірнеше факторларды ескеру керек:

  1. Жарық. Көптеген дәрілік препараттар күн сәулесінің әсерінен бұзылып жатады.
  2. Температура. Дәрі-дәрмектерді мұздатуға, суық жерде сақтауға болмайды. Әдетте препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта дәріні қанша градуста сақтау керек екені көрсетіледі. Бұл көбінесе 15- 25 °C-ты құрайды.
  3. Ылғал. Бұл қатты пішінді дәрілер үшін маңызды. Егер нұсқаулықта препаратты құрғақ жерде сақтау керек болса, онда ылғалдылық 60%-дан аспауы қажет. Егер үйде бала бар болса, дәрілерді олардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.

Дәрі-дәрмектерді металл немесе пластикалық контейнерде сақтаған қолайлы. Сондай-ақ, арнайы қораптар мен сөмкелерді пайдалана аласыз.Дәрілік препараттарды сақтау кезінде нені ескеру керек?

  • Дәрі-дәрмектерді сақтау кезінде оларға қатысты нұсқауларды сақтау қажет. Бұл осы препарат туралы барлық ақпаратты көрсететін ресми құжат.
  • Ораманы (пакеттер, блистер, ампулалар)бастапқы күйіндегідей бұзбай, сақтаған жөн.
  • Жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болмайды.
  • Кейбір препараттар ерекше сақтауды қажет етуі мүмкін. Мәселен, өзге дәрі-дәрмектер тұрған жерде ондай дәрілерді сақтауға тыйым салынуы ықтимал.

Тіпті дұрыс жағдайда сақталған дәрілерді жиі тексеріп тұру қажет. Себебі олардың арасында мерзімі өтіп кеткендері де анықталуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір сұйық дәрілер бұлыңғырланып, түсін өзгертуі де ықтимал. Дәрілердің басым көпшілігі ерекше сақтауды қажет етпейді. Алайда, олардың қасиеттерін жоғалтпау үшін препараттарды нұсқаулықта көрсетілген ережелерге сәйкес сақтау керек.

Дәрі-дәрмектің сақталу жолын білуші ме едіңіз?