Бала саулығыДенсаулық

Дұрысы мен бұрысы: Мұрнынан су аққан баланы балабақшаға апаруға болады ма?

Баланың мұрын жолдары толып, мұрнынан тоқтамай су ақса, ол науқас баланың ата-анасын ғана емес, сондай-ақ балабақшада сол баланың қасында жүрген бүлдіршіндердің де ата-аналарын алаңдатары анық. Мұрын бітелуінің түрлі себебі бар. Ал олардың кейбіреулері ғана инфекция таралуына байланысты болады. 

Маңқаның бәрі – жұқпалы емес

Мұрыннан сұйықтықтың ағуы аллергиядан да болады, ағаштар бүршік атып, гүлдене бастағанға, шаң-тозанға, тіпті ауа температурасына да байланысты реакция туындауы бек мүмкін. Мұрыннан бөгде зат (бұршақ, лего бөлшектері, тас және т.б.) немесе аденоидитпен ауырғаннан кейінгі қабыну нәтижесінде де мұрыннан су ағып жатады. Сонымен қатар мұрын құрғақ ауаға байланысты немесе аденоидты бездер тым үлкен болған уақытта жиі бітеледі.

Әр мұрын бітелуі – инфекция көзі емес

Егер адамда ЖРВИ болса, онда ол барлық белгілер пайда болғанға дейін, оның ішінде мұрын бітелуі мен аурудың алғашқы күндерінде жоғары температурада жұқпалы болады. 

Бала үйде ауырып, артынан сауығып, тек аздаған мұрын ағуының белгілерімен балабақшаға оралды делік. Келесі күні науқас баланың тобындағы бір бүлдіршін, араға бір күн салып, тағы да 4 бала ауырып қалады. Балабақшаға мұрнынан су ағып келген балаға бәрі жабыла ұрысары анық, алайда шын мәнінде инфекция көзі – ол емес, келесі күні ауырып, топтағы қалған 4 бүлдіршінге жұқтырған бала болып табылады! 

Мұрнынан сұйықтық аққан баланы айыптау оңай, себебі бұл ыңғайсыз жағдай көзге көрінеді. Ал вирусты таратқан әрі мұрнынан суы ағып үлгермеген бала болса, келесі күні балабақшада көрінбейді. 

Баланың мұрны бітелуімен қатар төмендегі белгілер байқалса, педиатрдың немесе ЛОР дәрігерінің кеңесі қажет:

  • Жоғары температура 5 күн қатарынан түспесе немесе қалпына келіп, кейін қайта жоғарыласа;
  • Бала әлсіз/ солғын көрінсе;
  • Түнде қорылдаса;
  • Бала мұрын бітелуі мен жөтелден ұйықтай алмаса;
  • Ауыздан немесе мұрыннан жағымсыз иіс шықса;
  • Тәбеті нашарласа/жоғалса;
  • Бас ауруы байқалса;
  • Есту қабілеті нашарлап, бала үнемі бір сұрағын қайталап сұраса/теледидар даусын күшейтсе;
  • Мұрын бітелуі ұзақ уақытқа созылған конъюнктивитпен біріксе;
  • Мұрыннан су ағу 10-14 күн ішінде өзгермеген жағдайда.

Баланы балабақшаға (педиатрдың анықтамасын алғаннан кейін) төмендегі жағдайларда ғана апаруға болады, егер:

  • Соңғы 2-3 күн аралығында баланың температурасы қалыпты болса;
  • Бала көңілді әрі белсенді болып, тамаққа тәбеті жақсарса;
  • Баланың түнде ұйқысы тыныш болып, мұрын ағуы кедергі жасамаған жағдайда.