NewsБала саулығы

«Ерекше» балалар: Ең жас ана

1933 жылы Перуде Лина Медина есімді қыз өмірге келіп, 5 жылдан кейін ана атанды. 5 жасар қыздың іші өсе бастағанда ата-анасы дабыл қағып, қатты таңғалады. Ішінде ісік бар деген қауіппен ауруханаға апарған ата-анасын дәрігерлер “қыз жүкті” деген хабарды жеткізгенде ешкім аса сене қоймапты. Алайда УДЗ күдікті сейілтті. Тіпті қыз жүйтіліктің 7 айында екені анықталған.

Дәрігерлер айтулы феноменді қыздың ерте жетілуімен байланыстырады. Өйткені Линаның етеккірі 8 айлығында келген, ал 4 жасынан бастап омырауы өсе бастаған. Ал, “5 жасар ананың баласының әкесі кім болды” деген сауалға әлі күнге жауап жоқ. 1939 жылы Лина Мединаның әкесі “зорлады” деген күдікпен тергеуге алынып, дәйектер табылмаған соң бостандыққа шығарған.

Айта өтейік, 5 жасар Лина ай-күні жетіп, 2,7 келілік дені сау ұл баланы өмірге әкелді. Босану процессі кесір тілігі арқылы жүзеге асты. Лина болса 1972 жылы 39 жасқа келгенде тұрмысқа шығып, екінші нәрестесін босанған.