Ақ босағаОтбасы

Интерьердегі кең таралған әдістер мен стильдер

Қазір көпшілік қандай стильге басымдық беріп, қандай детальдерді таңдайды? Бұл жолы мен осы сұраққа жауап бермекпін. Осы орайда, Алматы қаласындағы бір тұрғын үй кешенінде бастан-аяқ өз бақылауымда ұстаған 3 бөлмелі пәтерге лайықталған жобамды мысалға келтіре отырып түсіндірсем деймін. Жобалауды нөлден бастап барлығын өзіміз дайындаған соң, әрине, жұмыс ауқымы өте үлкен болды

Кіреберіс

Тапсырыс беруші пәтердің ыңғайлы болуын басты назарға алды. Соны ескере отырып, кіреберістегі еденге кең таралып кеткен ұяшықтар формасындағы тақтайшаларды жабыстырдық. Бұл жабсарласқан ұяшықтар мен паркеттің арасындағы байланыс бірден көзге түсетіндей оғаш емес әрі сондай тартымды көрінеді.

Ас үй

Ас үйдегі шкафтардың кеңістікпен дұрыс үндесуі (эргономикасы) мен қызметін мұқият ойластырдым. Интерьер дизайнының мақсаты дұрыс қойылса, ол қымбат жиһаздарды сатып алуды емес, ең бірінші, тұруға ыңғайлы, әрбір бөлшегі ойластырылған, жайлы баспана етуді көздейді. Интерьерге бетінде қанық түсті таңбалары бар бейтарап реңктегі жиһаздар мен контрасты картиналарды пайдаландық. Барлық корпустық жиһаздардыдың биіктігін төбеге дейін жеткізіп, шкафтардың үстінен үйдің ішінде жасалған жарты қабат (антерсоль) түрінде қосымша орын қалдырып отырдық.

 Қонақ бөлмесі

Бұл бөлмедегі аспашамның негізгі мақсаты – жарық беру емес, әдемілік. Байқап тқрғаныңыздай, негізгі жарық төбеге кіріктіріле орналасқан шамдар арқылы тұсреді. Ал, аспашамды декорация түрінде пайдалану қазіргі таңда кең таралған әдістердің бірі. Сондықтан, оның формасының ерекшелігіне, әдемілігіне аса мән береміз.

 Жатын бөлмесі

Асүйдегі бейтарап түстерге қарағанда, бұл жерден реңктер шағылысуын байқауға болады. Сұр және ақ түстерден бөлек, қою жасыл перде бірден көзге түседі. Әрі бөлмеге жылулық сыйлап тұр. Заманауи интерьердегі бір заттың ғана түсіне екпін беруді көптеген тапсырыс берушілер қолдап, сәнге айналдырып жібергені рас.

 Балалар бөлмесі

Балалар бөлмесіне келгенде әңгіме мұлде бөлек. Талғамы онша емес адамдар қайдан пайда болады, білесіз бе? Жауап өте қарапайым, баланың пәк талғамын кішкентай күнінде үлкендер ластап тастайды. Сондықтан, бұл бөлменің интерьерін таңдаған кезде аса жауапкершілікпен қараған дұрыс. Бәріміз білеміз, баланың айналасынан көрген дүниесі оның миының дамуына өте қатты әсер етеді. Сондықтан, бөлме жылы, жұмсақ түстерге бай. Демалатын орнымен өатар сабақ оқитын жері де мұқият ойластырылған.

Демалыс бөлмесі

Қазіргі таңда балкон мен лоджияны тиімді пайдалану кең қолданысқа еніп келеді. Шағын пәтер иелері де өздерінің кішкентай балкондарын тазалап, әдемі үстел мен орындық кіргізіп, сүйкімді демлаыс орнына айналдырып алады. -Біз де 2 лоджиядан тұратын орынды бос қалдырмауды құп көрдік. Терезедегі әдемі көрініске сүйсіне қарап, өмірден ләззат алып шай ішуге мүмкіндік беретіндей орындық пен үстел кіргіздік.

 Болашаққа жоспар

Егер күндердің бір күнінде пәтеріңізді жөндеп немесе жаңа баспана салып, ішін жанға жайлы етіп жасағыңыз келетіні анық. Мұндай қуанышты жаңалық өміріңізде болатыны анық. Сол сәтте дәл осы кеңестерім пайдаңызға асып жатса қуанамын. Ал, тағы да сұрақтарыңыз пайда болып, маманның кеңесі қажет болып жатса, мен өз қызметімді көрсетуге әзірмін. Өзге де жұмыстарымды көруіңіз үшін әлеуметтік желідегі аккаунтымды  және байланыс телефонымды осында қалдырдым.  Хабарласыңыз!

Ермек Искаков
Архитектор — Дизайнер
@
iskakov_design 
+7 775 290 43 10