Бала тәрбиесі

Бала тәрбиесіне кері әсер ететін 10 шектеу

Кей ата-аналар баласына ойланбай сөйлеп жатады. Атылған оқтай ауыздан шыққан сөз тек үлкендердің ғана емес, баланың да жүрегін жаралары анық. Сондықтан, перзентіңізге айтуға болмайтын 10 сөзді тізіп шықтық.

№1 «Жеме мұны, семіріп кетесің  Бұл сөздің орнына тамақтың пайдалы-пайдасыз құрамымен таныстырған дұрыс дейді психолог мамандар. Баланың кемшілігін алға тартудың, оның ішінде артық салмақ туралы сөз қозғау – басы артық әңгіме.

№2 «Сен семізсің!» Жасөспірімнің дене тұрқына деген жағымсыз пікірін қалыптастыру оп-оңай. Міне, осындай ескертулер өзін кем сезінуге итермелейді.

№3 «Бақыра берме!» Баланың эмоциясын тұншықтырмай, қайта оны шығаруға көмектесіңіз.

№4 «Бұл не шатпақ?!» Барды бағаламау жұқпалы ауру сияқты. Ол үлкендерден балаға тез беріледі. Егер баланың жасаған дүниесі өзі үшін маңызды болса, онда сіз мұндай сөзіңізбен ештеңеге қол жеткізбейсіз. Бар болғаны «Әке-шешеме менің істегенім барлығы немқұрайлы» деген ой қалыптастырасыз.

№5 «Сен жалқаусың» «Жалқаусың» дегенді ешкім естуге құмар емес. Сондықтан бұл ескерту балаңызға қуаныш сыйламайтыны сөзсіз.

№6 «Не үшін мен жүз рет қайталауым керекСебебі, ара қатынастарыңыз дұрыс емес. Балалардың тыңдау жүйесі тым талғампаз. Олар қайталап айтқанды, айқайды қабылдамайды.

№7 «Бала болмашы!» Балалар өздерін үлкендерше ұстай алмайды, себебі олар – балалар. Егер перзентіңіз сәби кезіндегі қылығын, мінез-құлқын қайта шығарып жатса, демек ол қорқып, көңіл-күйі түсіп немесе жайсызданып отыруы мүмкін.

№8 «Сен мені ренжітесің» Өте жағымсыз сөз. Бала сіздің сезіміңізге кінәлі екенін естіген кезде, оның ішкі әлемі тіпті нашар күйге түседі.

№9 «Олай істеме» Адамның миы «болмайды» дегенді ауыр қабылдайды. Оның орнына қалай істеу керек екенін түсіндірген және көрсеткен дұрыс.

№10 «Мен айтқандай істе» Дұрысы, не үшін олай істеу керек екенін түсіндіріп беріңіз. Қанша дегенмен, ол сіздің бұйрығыңызбен ғана жүретін ит емес, болашақ тұлға ғой.