Жан әлемі

Жарыңыз қандай әке болмақ?

Егер сәбилі болуға шешім қабылдасаңыз, екінші жартыңыздың да бұған дайын екеніне көз жеткізіңіз.Кез келген әйел тұрмысқа шыққаннан кейін балалы болуды армандайды, алайда сүйіктіңіздің қаншалықты жақсы әке бола алатынын түсіну қиын. Десе де, оны анықтайтын бірнеше тәсіл бар.

Болашақта жақсы әке болатын ер азаматтың белгілері:

Оған сенім артуға болады.

Екінші жартыңыз мінсіз ер азамат болмай-ақ қойсын, ол сіздің шешіміңізді қолдаса, соның өзі жеткілікті. Үнемі сіздің көліңізді түсіруге бейім тұратын еркектен жаманы жоқ. Мысалы, ол үнемі сіздің анаңызды алыс жолдан күтіп алуға ұмытып кете береді немесе берген уәдесін бұза салады. Егер сүйіктіңізге өзіңізге сенгендей сене алсаңыз, болашақ балаларыңызды тәрбиелеу екеуіңізге аса қиындық туғызбайды.

Ол өзге балаларға жақсы қарайды

Күйеуіңіздің басқа балалармен қалай сөйлесетінін бақылай отырып, қорытынды жасауыңызға болады. Егер ол дауыс көтермей, олармен ойнауға дайын болса немесе балалардың айқай-шуын ұрыс-керіссіз баса алса, демек ол болашақта жақсы әке болмақ.

Ол өте сабырлы

Ашуға булықпайтын ер адамдар өмірде сирек кездеседі. Дегенмен сіздің екінші жартыңыз дәл сондай адам болса, демек жолыңыз болған. Ол болашақта балаларына дауыс көтеріп, жерде шашылып жатқан ойыншықтарға бола жанжал шығармайтын болады. Баланың тәрбиесінде әке де ана да үлкен рөл атқарады. Сол себепті екеуіңіздің де сабырлы болғаныңыз жөн.

Ол кез келген уақытта отбасына уақыт бөле алады

Қазіргі уақытта жеке өмір мен қызметті қатар алып жүрген өте қиын. Бәріне үлгеру керек. Алайда бұл әркімнің қолынан келе бермейді. Жақсы әке үшін оның балалары үнемі бірінші орында тұрады. Егер күйеуіңіз жұмысбасты болса, кешке дейін кеңседен шықпаса, болашақта оны сәби де өзгерте алмауы мүмкін.