ДенсаулықЖүктілік

Жүктілік кезінде ыстық ауа райымен қалай күресеміз?

Жүктіліктің алғашқы айларында ыстық ауа райымен қалай күресеміз?

Көптеген әйелдер үшін жүктіліктің алғашқы айлары –  үлкен сынақ. Өйткені токсикоз қалыпты өмірге кедергі келтіреді. Бұл кезеңде үнемі сыртқа шықпай, үйде отыру мүмкін емес.  Сондықтан жазды күні ыстық ауа райына  төтеп беру жолдарын ойлай берген жөн. Егер сіз жиі қоғамдық көлікпен жүруіңіз қажет болса, ашық терезеге жақындаңыз. Ал өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, транспортта орын сұраудан  тартынбаңыз, әйтпесе есіңізден танып, құлап қалуыңыз мүмкін. Жүрек айнуын басу үшін әрқашан бір бөтелке таза су алып жүріңіз немесе лимон шырынын ішіңіз.

Жүктіліктің соңғы айларында ыстық ауа райымен қалай күресеміз?

Жүктіліктің соңғы айлары болашақ аналар үшін оңай өтпейтіні анық.  Бұл кезеңде әйелдер тез шаршап, ентігіп, жиі терлей бастайды. Сондықтан, көбірек демалуға, өзіңізді шаршаңқы сезінген кезде аяғыңызды жастыққа қоюға тырысыңыз. Осылайша сіз қан айналымын тезірек қалпына келтіре аласыз. Егер сіз қатты шаршаған болсаңыз, туыстарыңыздан көмек сұраңыз. Сондай-ақ, күндіз 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін далаға шықпауға, күннің астында жүрмеуге тырысыңыз. Мүмкіндік болған жағдайда бассейнге немесе көлге барып, шомылыңыз.

Ыстыққа төтеп беру үшін не істеу керек?

  1. Тар және тым жабық аяқ киім киюден аулақ болыңыз, бұл ыңғайсыздық тудырады және қалыпты қозғалысқа кедергі келтіреді.
  2. Зергерлік бұйымдар тақпаған жөн – жүктілік кезінде, әсіресе жазда, саусақтардың қатты ісінуі байқалады. Мұндай қолдардағы зергерлік бұйымдар аса әдемі көрінбейді, оған қоса аксессуарлар денені қысып,  қан айналымын бұзуы мүмкін.
  3. Әрдайым серуендеуге шыққан кезде ылғалды майлық немесе термалды су алып жүріңіз. Егер сіз өзіңізді жаман сезінсеңіз,  олардың көмегімен сергіп алуыңызға болады. Үйде бетіңізді түймедақ, жалбыз, грейпфрут, апельсин, лаванда және т.б. жағымды иісі бар эфир майымен бетіңізді сүртіңіз.
  4. Далаға тек бас киіммен шығыңыз.
  5. Әтір сеппеңіз – айелдердің барлығында дерлік иіс сезу қабілеті жоғары болады. Тіпті сүйікті хош иісіңіз жүрек айнуы мен бас айналуын коздыруы мүмкіні, сондықтан косметикалық өнімдерді абайлап қолданыңыз.
  6. Міндетті түрде күн сәулесіне қарсы кремдерді қолданыңыз.
  7. Ыстық күндері жиі душ қабылдауға болады. Алайда судың аса салқын болмауын қадағалаңыз.
  8. Жазды күндері жүкті әйелдің қалыпты деңгейде су ішкені дұрыс. Әсіресе алғашқы төрт-бес аптада суды әрбір 25-30 минут сайын қабылдау керек.