Cән мен сұлулық

Нанопластика дегеніміз не? Шаш нанопластикасының кератинді тіктеуден қандай айырмашылығы бар?

Нанопластика дегеніміз не?

Нанопластика – бүгінгі таңда сұранысқа ие шаш күтімі. Нанопластиканың көмегімен шашқа сыртқы келбет беріп қана қоймай, оны үшына дейін емдеуге болады. Бұйра шаштарды нанопластиканың көмегімен ұзақ уақытқа тіктейді. Дұрыс күтімнің нәтижесінде -3-6 ай көлемінде тік әрі сау шашқа ие болуға болады.

Нанопластика құрамында химиялық зиянды заттар, формальдегиды жоқ қоспамен жасалады. Сол себепті шашқа оң әсерін тигізеді. Процедура адам денсаулығына еш зиянын тигізбейді. 15 жастан жоғары балаларға және аяғы ауыр әйелдерге шаш нанопластикасын жасатуға әбден болады.

Артықшылықтары

Нанопластикаға арналған қоспалар пайдалы компоненттермен байытылған. Шаштың әрбір талына еніп, оны одан әрі сау ете түседі. Аталмыш процедураны арнайы маманның қабылдауында отырып жасаған дұрыс.

Кератинді тіктеуден айырмашылығы

Жоғарыда атап өткендей, наноластикаға арналған қоспалардың құрамында формальдегид жоқ. Оған қоса аллергияны тудырмайды. Кератин шаштың сыртқы келбетін қамтамасыз етсе, нанопластика сонымен қатар, саулық үшін жауап береді. Нанопластикаға арналған қоспаның ісі әлсіз әрі көзді ашытпайды.

Бағасы қанша?

Нанопластика кератин мен ботоксқа қарағанда бағасы жоғары процедуралардың бірі. Құны 20.000-нан басталады. Бағасы шаштың ұзындығы мен қалыңдығына байланысты өзгеріп отырады.

Нанопластика қымбат процедуралардың қатарына жатады. Сол себепті нәтижесі ұзақ сақталу үшін шашты дұрыс күту қажет. Мәселен, құрамында сульфаты жоқ сусабындарды қолданып, арнайы маскаларды қолданған дұрыс. Әдетте сульфаты жоқ сусабындар қарапайым сусабынға қарағанда қымбатырақ келеді. Сондықтан, бұл орайда үнемшіл болмай, барынша сапалы өнімді қолданған абзал.