Жан әлемі

Наурыз айына арналған нумеролог кеңесі

Қытай нумерологиясы бойынша наурыз айы өте қызықты мерзім. Күн жыли бастағанда әдеттегідей адамдардың көңіл-күйі көтеріліп, тың дүниелер жасауға құлшынысы артады. Бұл айда жалынды ор қоянның болмысындағы жеке ерекшеліктер байқалады. Тартымдылық пен романтикалық көңіл-күй де сезіледі. Көктемнің келгені құлпыра түскен әдемі қыздардан-ақ сезіледі. Бірақ бұлар қызғаныш, қарым-қатынасты талқылау, жанжалға әкелуі мүмкін. Даудың аяқ астынан тұтануы ғажап емес. Яғни, эмоция өте тұрақсыз болады. Десе де, адамның бәрі бірдей шу шығарады деп ойлау бекер. Біреулер бүлдіруге құмар болса, бірі тың дүниелер жасауға әуес. Сондықтан энергияны барынша жақсылыққа жұмсаған дұрыс.

Ай символы – қоян – от бейнесі. Ал, ылғалға қарсы от бұл кезде жүректі әлсіретеді. Бұл, әсіресе, ашушаң, ұстамсыз адамдарға тән. Сондықтан барынша жан тыныштығын сақтауға тырысқан жөн. Жүйке жүйесінде ақауы бар адамдарға кез келген: киім, табиғат, түстер және т.б. жолмен су энергиясын сезінуге кеңес беріледі. Бұл айда су, өзендер мен теңіздердің және үйлесімділік сыйлайтын т.б. әуендерімен жасалған медитациялар адамға теңгерімдік сыйлайды.

5 және 28 наурыз аралығында Кертартпа Меркурий қимылдай бастайды. Сондықтан жылжымайтын мүлік, автокөлік, техника, компьютер сатып алу сияқты жаңа істерді кейінге қалдырған дұрыс. Әйтпесе, олар тез бұзылып, қуанышыңыз ұзаққа бармауы мүмкін. Бұл айда 7 саны үстемдік ететіндіктен көпшілігімізге өте жағымды және қолайлы болмақ. Кейде оқиғалардың күрделенуінен энергетикалық бағытта мәселелер туындауы мүмкін.

Жаңа жылға арналған нумерологиялық болжам

Наурызда көптеген мұсылман елдерінде жаңа жыл басталады. Ал, нумерология бойынша әр адамның туған күні, жылы мен айындағы барлық санды қосып, шыққан санның мәні арқылы осы жылға болжам жасауға болады. Мысалы, сіз 28.08.1980 күні тудыңыз делік. Осындағы санның бәрін қосып (2+8+8+1+9+8=36), шыққан санды бірлікке айналдыру үшін тағы бір-біріне қосамыз: 3+6=9. Демек, сіздің саныңыз – 9. Оның мәнін төменнен оқып біліңіз.

 

«1» Бұл – барлық бірліктер үшін сәттілікке толы, жайлы жыл болмақ. Бастысы –өзіңізге деген сенімді жоғалтып алмау керек. Мансап жолында жаңа лауазым, қызметте жоғарылау және тұрақты жалақы күтіп тұр. Отбасылық өмірде толыққанды жайлылық орын алмақ. Ал, екінші жартысын таппағандардың жолы болып, нағыз отбасын құрады. Романтика, іскерлік кездесулер және көптеген қарым-қатынастарға жол ашылады. Жеке кәсібі барлар сәттілік пен мол табысқа жетеді.

 

«2» Бұл жыл екіліктер үшін де табысқа толы. Олардың бойындағы белсенділік,  тапқырлық пен әдептілік өте жоғары бағаланады. Осы уақытта іштегі бар талантты көрсетуге тырысыңыз. Ол сізге міндетті түрде сәттілік әкеледі. Бірақ жан-жағыңызды бағамдап, барынша абай болған да жөн. Өйткені, кез келген адамның айналасында көре алмайтын, бәсекелес және ниеті нашар адамдар жүруі мүмкін. Бастысы – күдікшілдіктен арылып, барлығын бақылауда ұстаңыз. Сонда ойлаған барша ісіңіз оңынан болмақ.

«3» Мүмкіндіктерді жіберіп алмау маңызды. Бұл жылы сізге көптеген мүмкіндік беріледі. Құлшыныс пен еңбекқорлықтың артуына байланысты ақшалай сыйақыларға ие боласыз. Жігерліліктің арқасында өз кәсібіңізді ашып, сол арқылы көптеген жетістікке жете аласыз. Десе де, күмәнді кәсіпорындар мен тәуекелге бел буудан сақтанғайсыз. Жетістіктеріңізді жарияға жар салудың қажеті жоқ. Өйткені жаныңызда қаскөйлер пайда болу қаупі бар. Махаббатта бәрі жақсы болады. Екінші жартыңызбен жағымды кездесу болуы да ғажап емес.

 

«4» Жетістік жолында көп еңбектенуге тура келеді. Іскерлік пен ынтаның арқасында күткен нәтижеге қол жеткізе аласыз. Ол үшін күш-жігерді ақылмен жұмсай білу маңызды. Барлық қиындықты жеңу оңайға соғады. Сарапшылардың кеңесін тыңдап, туыстарыңыз бен жақын адамдардың көмегінен қашпаңыз. Ұшақпен саяхатқа шықпауға кеңес беріледі. Іскерлік кездесулерді жыл соңына жоспарлағаныңыз дұрыс.

 

«5» Қызметте үлкен сәттілік күтіп тұр. Ол материалдық жағдайды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі. Белгілі бір топта жұмыс істеу, іссапарлар мен саяхаттар үлкен пайда әкеледі. Жыл соңында ең асқақ арманыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Жеке өміріңізде барлығы жарқын әрі жақсы болмақ. Айналаңыздағы адамдарға аса мән беріңіз. Сізге нағыз керек адам жаныңызда жүрген болуы ғажап емес.

 

«6» Үлкен сәттілік күтілуде. Олардың өмірінде нағыз ақ жолақтар пайда болады. Ынталандыру кез келген талант, шығармашылық пен хоббидің дамуына ықпал етеді. Жеке кәсіп ашсаңыз, тасы өрге домалайды. Бұл жолда жақсылап ізденсеңіз, кәсібіңіз қанша пайда әкелетінін түсінесіз. Лоторея билеттерін батыл түрде сатып алуға болады. Одан бұрын ақылды адамдардың кеңесіне құлақ асуды ұмытпаңыз.

«7» Өте қарбаласқа толы жыл болмақ. Интуицияңызды тыңдаңыз. Сонда қажетсіз жанжалдар мен кездесулерден аулақ боласыз. Эмоцияны басқарып, жақындарыңызға қайырымдылық танытыңыз. Әйтпесе, жанжалдардың жиі болу қаупі бар. Өмірдегі кез-келген өзгерісті батыл түрде іске асыруға болады. Ең дұрысы – позитивті көңіл-күйде болып, қарым-қатынаста шынайы болыңыз. Сонда тағдыр сізді қуантатын болады. Шығармашылық табиғатыңыз дамуыңызға мүмкіндік береді. Бірақ бұл тұста жабырқаудың қажеті жоқ.

 

«8» Өмірінде тыныштық орын алады. Оларды ешқандай мәселе толғандырмайды. Өмірі жарқын әрі қызықты болады. Бұл жерде жаңаша ойлай білу аса маңызды. Жаңаша ойлар істің жемісін көруге мүмкіндік береді. Жаңа істі қолға алғандарда мансапта өсім болады. Бұл уақыт шет тілдерін оңай үйренуге таптырмайды. Бірақ, жақындардан қарыз алу немесе қарызға ақша берудің қажеті жоқ. Бұл тағдырға кері әсерін тигізуі мүмкін. Екінші жартыңызбен барынша шынайы болыңыз.

 

«9» Бұл жыл аса оңай болмайды. Тағдыр оларға ештеңені оңай бере салмайды. Төзімділік сыналады. Бұл кезде ауқымды жоспар құрып, жаңа жол іздеудің қажет жоқ. Одан да тексерілген, сенімді жолмен ғана жүріңіз. Әрбір іске кірісерде жақсылап талдаған дұрыс. Соққылар, жол апаты, апаттар жоққа шығарылмайды. Сондықтан жолда әрдайым абай болып, экстремалды спорт түрлерінен бас тартқан жөн. Барлық энергияны мансап жолына және жеке өмірге жұмсауға кеңес беріледі. Көлемді және қымбат заттар сатып алмаған дұрыс.