News

«Нестле» компаниясы ұсынған «Пайдалы тамақтану мектебі» бағдарламасы кеңею үстінде

2018 жыл 7 қыркүйек, Астана – «Нестле Фуд Қазақстан» компаниясы Астана қ. және Алматы қ. Білім басқармасымен бірге салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде бастауыш сынып оқушыларының тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша «Пайдалы тамақтану мектебі» әлеуметтік білім беру жобасының кеңейтілгені туралы хабарлады.

«Пайдалы тамақтану мектебі» бірегей білім беру бағдарламасын «Нестле» компаниясы 2014 жылдан бастап Қазақстанда сәтті жүзеге асырып келеді. 2018-2019 оқу жылында жобаға Астана мен Алматы қалаларының 60 мектебі, яғни 10 000 аса бала қатыспақшы.

Бағдарламаға қатысатын 60 мектептің әр оқушысы суреттер, пайдалы ережелер мен ойындары бар жеке жұмыс дәптерін алады. Соның арқасында ол күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсінеді. Пайдалы тамақтану пирамидасымен танысып, жеке  гигиена ережелері мен спорттың маңыздылығынан хабардар болады. «Бағдарлама сыныптан тыс сабақтар, тәрбие сағаттары және мектептегі басқа да іс-шаралар арқылы енгізіледі, — деп түсіндірді оқу құралының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, білім беру саласының құрметті қызметкері Өрік Иманғожина. – Бұл бірегей дәптер, бұдан басқа мұндай оқу құралы жоқ. Ол  оқушылардың пайдалы тамақтану формулаларын оңай меңгеруіне көмектесетін ойын тапсырмаларының жүйесі түрінде берілген. Балалар негізгі нәрлі заттар, пайдалы өнімдер мен тағамдар, тамақ рационын жасау негіздері, гигиена ережелері туралы ақпаратты жеңіл, ерікті түрде алады. Дастарқан жаюды және әдеп ережелерін сақтауды үйренеді. Осындай қомақты әрі өте пайдалы білім қорын ойын түрінде игереді»!

 «Нестле» ұсынған «Пайдалы тамақтану мектебі» курсының мақсаты – балалардың ғана емес, сондай-ақ олардың ата-аналарының да денсаулығы мен тамақтануына қамқор болуға баулу. Бұл миссия – «Нестле» компаниясының өмірді жақсарту деген ұстанымына толықтай сәйкес келеді». – дейді «Нестле Фуд Қазақстанның» Бас директоры Марк Потаст. «Пайдалы тамақтану мектебі» бағдарламасы «НЕСТЛЕ. Дені сау балалар» Жаһандық бастамасының бір бөлігі болып табылады. Бұл бастаманың мақсаты – 50 миллион балаға көмектесу, 2030 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстану.