Ахмад Ти компаниясының шай шебері Виджита Б Хеттиараччи (Vijitha B Hettiarachchi) арнайы Қазақстан үшін түйіршектелген шай купажын жасады.
Rich tea – сүтпен керемет үйлесімді түйіршектелген шай, ал қазақстандықтардың көбіне сүт қатқан шай ішетіні белгілі. Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанға арналған шай купаждары тізімінде түйіршектелген шай болмаған еді.
Виджита үшін шай жасап шығару өзін кәсіби тұрғыда сынап көру мүмкіндігі, әрі қызықты тапсырма болыпты. Оны іске асыру үшін қазақстандықтардың шай ішу дәстүрі мен талғамдары туралы жан-жақты мәлімет жинақтаған. Бұл ретте, ағылшындардың заманауи шай демдеу дәстүріне сәйкес, түйіршектелген шайды бір қайнатып алу керегін атап өткен жөн.
Түйіршектелген шай да жапырақты шай секілді, жаңадан терілген шай жапырақтарынан дайындалады. Бірақ басқа технология бойынша жасалады – шай жапырақтары ұсақталып, барабанға салынады да, қатты жылдамдықпен араластырылады. Нәтижесінде жапырақ кесінділері түйіршектерге айналады. Түйіршектелген шайдың жапырақты шайдан басты ерекшелігі – ол жылдам демделіп, түсі қою, дәмі қанық, сергітетін шай шығады.
“Мақсатым – түсі ерекше қою, дәмі аса қанық түйіршектелген шай жасау болды. Бұл нәтижегеқол жеткізу үшін мен екі елдің – Кения мен Үндістанның (Ассам штаты) түйіршектелген шайларын пайдаландым. Кенияның түйіршектелген шайы сүт қатқан кезде алтын сарғыш түске боялады. Оның дәмі өзгеше, қатты ащы емес, әрі кофеині көп. Ассамның түйіршектелген шайы – уыт ноталары бар, дәмі қанық шай, мұның арқасында сусынның текстурасы ерекше болады, әрі дәмі есте қалады”, – дейді Виджита.
Кәсіби титестер мінсіз демдеп берген Ahmad Rich Tea қолдарына тиген кезде Қазақстанның шай мамандары шайға ерекше қазақи дәм беру үшін, ең алдымен оған сүттің түр-түрін қатып, дәмін татып көрген.
Шайға жаңадан қайнаған сиыр, ешкі, түйе және бие сүтін қосып, дегустация жасалды. Халықаралық дегустаторлар тобы бір ауыздан ешкі сүті қосылған Ahmad Rich Tea шайының дәмі ең нәзік болғанын атап өтті. Түйе сүтін қатқан шай дәмі – ең ерекше, әрі есте қаларлықтай болыпты. Сиыр сүті қосылғанының дәмі дәстүрлі, әрі түсі ең қанық болып шықты. Жаңадан сауылған бие сүтін қатқан Ahmad Rich Tea шайының дәмі жұмсақ, әрі тәтті болды.