тұқым қуалау
ДенсаулықСаулық үшін

Тұқым қуалау: ұрпақтан ұрпаққа берілетін аурулар

Біздің денсаулығымызды тұқым қуалау бейімділігіне қатысты анықтауға болады. Жарақаттану немесе сынық тұқым қуалауға жата ма? Қазақта сынықтан басқаның барлығы жұғады деген бар емес пе? Алайда сүйектің мықтылығы кальцидің деңгейіне сай келетін кездер бар. Сондықтан сүйегі әлсіздердің ұрпағы да кальций тапшылығын бастан кешіруі мүмкін. Әрине, ата-ана дайын ауруларды балаға бермейді, тек ауру тудыратын ұлпалар құрылысындағы өзгеріс балаға беріледі екен. Осылайша гипертонияға, варикозға, геморройға жақындылықты ұлпа тіндері түзеді.

Атеросклероз – «нашар» холестеринді жоятын ұлпа тапшылығынан туындайтын жүрек-қан тамырлары ауруларының басты белгісі. Семіздіктің негізгі салдары тұқым қуалаушылық емес, зат алмасу қызметінің бұзылуын білдіреді. Ал, аллергия – «туа бітті» түрге иммундық реакцияның ерекше түрінің тұқым қуалауының нәтижесі.

Қоршаған орта әсері

Сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді тұқым қуалаушы ауру түрлері соңғы 50-60 жылда өсіп отыр. Бұл уақыт аралығында ген мұндай өзгерістерге төзбеді, орнына адамдардың өмір сүру салты мен ұстанымдары өзгерді. Себебі, жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік, қант диабеті сияқты аурулар дене қозғалысының аздығынан және майлы тамақтарды көп қолдану себебінен бұл ауруларға бейім емес жандар арасында да жиі кездесіп отыр. Сыртқы факторлардың тұқым қуалау арқылы берілетін ауруды дамыту әсері жастан-жасқа өсуде: 50 жастан асқан адамдар арасында кем дегенде үшінші жан бір немесе бірнеше созылмалы аурумен ауырады.

Тұқым қуалау арқылы таралатын ауру түрлері үш топқа бөлінеді.

Ең ауқымды бөлігі – салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау әсерінен болған зат алмасу жұмысының бұзылуымен байланысты: атеросклероз, гипертония, жүректің ауруы, семіздік, диабет аурулары. Ерте жаста бұл ауру түрлері 5–10% аралығында кездеседі. Көбінде бұл аурулар 50 жастан кейін пайда болады.

Екінші топқа – ең көп тараған түрлері шизофрения, эпилепсия, маниакально-депрессивті синдромы және Альцгеймер науқасы (алжу) болып келетін психологиялық аурулар жатады.

Бұл ауру тобында тұқым қуалау үлкен маңызға ие. Альцгеймер ауруы 80% тұқым қуалау арқылы беріледі. Ішкі факторлар ауру дамитын жас ерекшелігіне әсер етеді. 70 жастан кейін Альцгеймер ауруына қарт адамдардың үштен бірі шалдығады. Дәрігерлердің айтуынша, өмір сүру ұзақтығына қарай ауруға шалдығу деңгейі де арта түседі.

Үшінші топ – бұл топқа қоршаған орта әсерінен пайда болатын аурулар жатады. Мәселен, онкологиялық аурулармен науқастану көрсеткішін дәрігер мамандар 10%-ға сәйкес келетіндігін айтады. Мұндай жағдайда жақын туысқандар қатерлі ісіктердің бірдей түрімен ауырады да, ол 50 жасқа дейін өз белгілерін көрсете бастайды. Қалған жағдайлар адам өміріндегі жағымсыз факторлар әсерінен жасушаларының өзгеріске ұшырауымен тығыз байланысты.

Аллергия ауруларына тоқталсақ. Бұрындары бүлдіршіндерде аллергияға бейімділікті байқататын диатез кездесетін. Бірақ, ол ауруға айналған жоқ, керісінше балалар оны «өсіріп» жіберді. Қазір жағдай өзгерген. Аллергия тіпті, ата-аналары ешқашан мұндай ауруға шалдығып көрмеген ересек адамдар арасында да кездеседі. Бұның түп тамыры адамның иммунды жүйесінде белгісіз мыңдаған заттардың кездесуінде жатыр. Мұндай белгісіз заттар аллергияға бейім келетін адамдарға бір кездескеннен лап береді. Бүгінде дамыған елде өмір сүріп жатқан халықтың 40%-ы аллергиядан зардап шегуде. Ғалымдардың зерттеуінше, келесі ұрпақта бұл көрсеткіш халықтың 70%-ын құрайтын көрінеді.

Ерекше жағдай – маскүнемдік. Тұқым арқылы таралған ішімдікке деген төмен деңгейдегі сезімталдылық ішімдікке тәуелділік факторы болып табылады. Сондай-ақ, маскүнем аналардың сәбиінің құрсақ ішінде дамуы барысындағы нейрохимиялық бұзылуы да болашақта маскүнемдікке әкеледі. Кейбір ғалымдар ішімдікке деген мұндай бейімділік кез келген адамның өмірінде кездесетін жоғары эмоционалдық және психикалық жүктемеге де байланысты болуы мүмкіндігін айтады. Ішімдіктің немесе басқа да психотроптық заттардың көмегімен адамдар күйзелісті жойғылары келеді. Көптеген ғалым маскүнемділіктің дамуында тұрмыстық әдеттер де маңызды орын алатындығына сенімді. Дегенмен, маскүнемдер отбасында ішімдікті аузына алмайтын балалар өсіп жатса, ата-аналары ішімдіктен бір грамм да татып көрмеген отбасының балалары уақыт өте келе ішімдік қолдана бастайтыны да белгілі.

Бағдарламалық ақаулар

Қанша уақыт өтіп кеткен болса да қандай да бір ауру түрлерімен адам жас кезде ауыра қалған жағдайда ғана осы аурумен жақын туыстары да ауыратындығын айтып жатады. Бұл жерде отбасының болашақ балалары үшін тұқым қуалау қаупі бар. Бірақ, сарапшылардың бағалауынша, бұл көрсеткіш кем дегенде 10%-ды құрайды. Тіпті, олардан айығуға да болады. Егер адам салауатты өмір салтын ұстанса, тұқым қуалайтын ауру түрлерін емдеуге болады немесе құлан таза жазылып кетпесе де оларды жеңіл-желпі түрін ғана сезінеді. Ал, егер хромосома мен генде тұқым қуалау арқылы келген «асқыну» немесе өзгеріс байқалса, бұл бөлек әңгіме. Өзгеріс қашанда болып тұрады, бірақ кез келген жасушада ДНК-ны қалпына келтіретін «шеберхана» болады. Кейде «шеберхана» дұрыс қызмет атқара алмай қалады да ақаулар орынша қалады. Дегенмен, табиғат адамның биологиялық түр-түрпатының сақталуына жағдай жасаған. Ғалымдардың бағалауынша, хромосомалық, гендік ауытқушылыққа байланысты жүктілікті кезеңнің 60%-да мұндай аурулар жаңа ағзаға беріле бермейді.

Хромосомалық аурулар

Жаңа туған мыңдаған сәбидің 2,5-інде кездеседі. Себебі, жасушадағы хромосома санының ауытқуы немесе олардың құрамының бұзылуы. Ең көп тараған кемістік – 46 хромосоманың орнына 47 хромосома кездесетін трисомия жағдайы.

Әдетте «трисомиктер» Даун синдромымен дүниеге келеді. Бұл 600 жас нәрестенің біреуінде кездесетін жағдай. Хромосомалардың бұзылуы генетикалық тұрғыдан тарала ма деген сұраққа ғалымдар түрлі көзқараста. Бірақ, артық хромосома аналық екендігі мәлім. Сол үшін де хромосомалық ауытқулар аналардың жас ерекшелігіне байланысты болады: 25 жасқа дейінгі әйелдерде 2000 жас нәрестенің тек біреуі Даун синдромымен дүниеге келетін болса, ал 35 жасқа дейінгі әйелдердің балаларында мұндай ауытқулардың қайталануы 1%-ға тең келеді. Ал, 35 жастан асқан келіншектерде бұл көрсеткіш 1:85-ті құрайды, сол үшін де дәрігер мамандар оларды қауіпті топқа жатқызады.

Жылдар бойы

70 жастан кейін Альцгеймер ауруымен қарт адамдардың үштен бірі ауырады. Бұл жағдайдағы тұқым қуалаушылық дәрігерлердің бағалауынша 80%. Ауруға шалдығу өмір сүру ұзақтығына байланысты болады.

Қауіпті топқа кімдер жатады?

Жүктілікті жоспарлаған кезде медико-генетикалық кеңеске жүгіну ұсынылады:

  • А) туыстары тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын немесе осындай ауру түрлері кездесуі мүмкін деп күдіктенетін ерлі-зайыптыларға;
  • Ә) балалар даму кемістігімен туылған ерлі-зайыптыларға;
  • Б) туыстық жақындығы бар ерлі-зайыптыларға;
  • В) әйелі 35-тен асқан ерлі-зайыптыларға;
  • Г) екі рет түсік тастаған әйелдерге.

Есте сақтаңыз!

Бүгінде гипертония, жүрек ауруы, миокард инфаркты, қан диабеті, тамырда қанның ұюы, тыныс демікпесі, психикалық аурулармен ауру қаупін алдын ала анықтайтын тесттер жасалынған.

Ұқсас мақалалар: 

“Сүт безі қатерлі ісігінің” белгілері

Тырнағыңыз денсаулығыңыз жайлы сыр шертеді