News

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл бағытындағы рейс саны артады

 Маусым айында Astana Marriott Hotel-де TURKISH AIRLINES әуекомпанясы БАҚ өкілдеріне арнап таңғы ас ұйымдастырды. Шара кезінде биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан және Ыстамбұл қалалары арасындағы рейс санының артатындығын хабарлады. Сонымен қатар, астана әуежайынан 313 бағыт бойынша 124 елге ұшақ ұшатынын, транзитті жолаушыларға арналған арнайы ұсыныстарды, сонымен қатар, әлемдегі ең үлкен әуежайдың Ыстамбұлда ашылғандығы сөз болды.

Таңғы асқа ҚР ИИДМ Халықаралық қатынас және азаматтық авиациядағы авиациялық тасымалдау басқармасының басшысы Салтанат Томпиева, Халықаралық әуе көліктері ассоциациясының өңірдегі өкілі Джордан Карамалаков мырза, «Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайының төрағасы Раділбек Әдимолда, БАҚ және блогсфера өкілдері шақырылды.

 

 

 

 

«Қазақстан – стратегиялық маңызы жоғары аймақ. Қазіргі таңда барлығы Шығысқа бет бұрғандықтан, TURKISH AIRLINES компаниясы дәл осы бағыттағы әуетасымалдауды дамытуды көздеп отыр. Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл бағытындағы рейс енді күн сайын ұшатынын қуана хабарлаймыз. Бұл жолаушылар үшін өте қолайлы. Түркия Республикасы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған бойда, 1992 жылдың мамыр айында TURKISH Airlines компаниясы Алматы қаласына ұшағын қондырды. Бұл тәуелсіз Қазақстанның әуежайына тұңғыш қонған шетелдік әуекомпания. Бүгін де компанияның Алматы қаласынан тұрақты түрде он рейсі, Нұр-Сұлтан қаласынан жеті рейсі қатынайды. Барлығы жайлы әрі ыңғайлы А330 и В-737 әуе кемесімен жабдықталған», – деп атап өтті  TURKISH AIRLINES әуекомпаниясының өңірлік директоры Хасан Саваш Ерден.

Ыстамбұл қаласы арқылы өзге елге ұшатын болып, келесі рейске дейін 6-24 сағат аралығында уақытыңыз болса, онда Istanbul әуежайында TOURISTANBUL компаниясы ұсынатын тегін экскурсияны пайдалана аласыз. Жергілікті орынның тарихымен, мәдениетімен танысып, музейлерге, өзге де көрнекі жерлерге барасыз. Әйгілі Босфорды өз көзіңізбен тамашалайсыз.

STOPOVER ın ISTANBUL бағдарламасын қолдансаңыз,  20 сағаттан кем болмайтын аралық аядамаңызды ұмытылмастай өткізесіз. Turkish Airlines әуекомпаниясы бизнес класс жолаушыларына бесжұлдызды қонақүйден екі орындық бөлме, эконом класс жолаушыларына төртжұлдызды қонақүйден орын береді. Ең бастысы, бұл қызмет ақысыз.