Тағамдарды ұсынған «Presso» мейрамханасына алғыс айтамыз.
«Presso» мейрамханасының бас аспазы Артур Байтеев
ҚҰРАМЫ:
- Тауықтың сан еті – 200 гр
- Карри Ароу пастасы (қызыл) – 20 гр
- Болғар бұрышы – 50 гр
- Баялды – 50 гр
- Пияз – 50 гр
- Кокос сүті – 50 гр
- Тауық сорпасы – 50 гр
- Кілегей – 50 гр
- Черри қызанақтары – 30 гр
- Күнбағыс майы – 30 гр
- Кинза – 5 гр
- Лимон тілімі – 30 гр
- Пицца қамыры – 125 гр
- Сарымсақ – 5 гр

ДАЙЫНДАУ ӘДІСІ:
1 Табаны жанып тұрған отқа жақсылап қыздырамыз.
2 Көкөністер мен тауық етін жіңішкелеп турап, араластырамыз да, табада қуырамыз.
3 Қуырып болған соң , карри пастасын, черри қызанақтарын қосамыз және үстінен кілегей, тауық сорпасы мен кокос сүтін құйып, араластырамыз.
4 Табадағы тағам қоспаларын тағы бір мәрте қуырып болған соң, үстіне кинза себеміз.
Ас болсын!