Cән мен сұлулықБет күтімі

Бетіміздегі мәселелерден арылтауға көмекші гуаш жөнінде не білесіз?

Бет массажы кезінде қан тамырларына зақым келтірмейтін, бет бұлшықеттерін жеңілдететін, қан айналымын жақсартатын, ісінуін кетіретін баяу, нәзік қозғалыстарды қолданады. Мұндай күтімнен кейін теріміз біраз жұмсара түседі. Сондай-ақ, бет бұлшықеттері босаңсып, ұсақ әжімдер, қара дақтар мен көздің астындағы ісіктер азаяды.

«Гуа» сөзі – қыру, ал «Ша»– жаман, зиянды дегендібілдіреді. Бұл техниканың
ерекшелігі жалпақ, тегіс тастарды қолдана отырып жасауында. Әдетте массаж кезінде нефрит тасын немесе раушан кварцын пайдаланады. Терапия барысында бұлшықеттердің спазмодикалық қысылуын босаңсытып, терінің күйін жақсарту үшін тегістеу қимылдары жасалады. Қозғалыс қарқыны мен қысым күші бойынша, жылдам және баяу, күшті және әлсіз болуы мүмкін. Бірақ массаж кезінде қозғалыс қарқыны ауысып отырады.

Гуаш массажын дұрыс жасайық

Гуаш массажын жасау барысында қозғалыстар төменнен жоғары қарай баяу жүруі керек (ерін асты иек аймағынан басқа). Массажды мойыннан бастап, әдетте беттің бір жақ бөлігіне жасайды, яғни алдымен сол жағымызбен, содан кейін оң жағымызбен жұмыс істейміз. Әр қозғалыстың соңғы нүктесін ақырын басып аяқтаңыз. Мысалы, иек пен бет аймағында май қабаты болса, қатты басуға, ал, керісінше, арықтау болса, жеңіл қозғалыс жеткілікті болады.

Массаждың жиілігі

Массажды күн сайын жасаудың қажеті жоқ. Он күндік курс жеткілікті. Курстан кейін 3-4 ай үзіліс жасауға болады. Тіпті массаж сеанстарының арасында 2-3 күндік үзілістер де жасалып тұрады. Алайда массажға қатысты қатаң шектеулер жоқ. Массаж уақыты 3-15 минутқа созылуы мүмкін және қимылдар негізгі сызық аймақтарының барлығына жасалады. Әр аймақты гуаш тасымен 4-7 минут жүріп өту жеткілікті.

Кімге жасауға болмайды?

Массаждың белгілі қарсы көрсеткіштері бар. Түрлі тері аурулары, дене температурасы, жүктілік, бүйрек функциясының бұзылуы, қатерлі ісік, гемофилия кездерінде массаж істеуге болмайды. Сондай-ақ, косметологиялық инъекциялардан кейін бірден жасауға тыйым салынған.

ЕСКЕРІҢІЗ

Массажды бастама  бұрын терең дем алып, бет терісін және басқа да аймақтарды саусақтарыңызбен ақырындап уқалаңыз. Қырғыш пен ролик теріңізде оңай сырғуы үшін майды алақаныңызда жылытып, бетіңізге жағыңыз.

Скрепер мен массаж ролигінің айырмашылығы неде?

Скреперде арнайы шығыңқы жерлер мен ойықтар бар. Олар бет терісімен жұмыс істеуге ыңғайлы. Скрепер бет пішінін жақсартып, ұсақ әжімдерді тегістейді. Ал, мойын мен декольте аймағында жұмыс істеуге ролик ыңғайлы болып келеді. Ол қан айналымының дұрыс жұмыс жасауын, жасушалардың қалпына келуін тездетеді және терідегі токсиндерді жояды. Негізінен екі құралды да бірдей қолдануға болады.

Гуаш массажының тасын таңдайық

Қытайда гуаш массажына арналған ең жақсы қырғыш – қара енеке мүйізінен жасалған қырғыш. Сонымен қатар, нефрит, ақық тас, раушан кварцы тастары жатады. Ежелгі дәуірден бастап тасты кристалдардың емдік қасиеттеріне қарай таңдаған. Егер қырғыш пен роликті тек массаж құралы ретінде қолдансаңыз, оның материалы емес, тек құралдың сапасы маңызды.

ҚОЛЖЕТІМДІ КҮТІМ!
Бетке күтім жасау үшін арнаулы салондарға жүгірмей-ақ қойыңыз. Есесіне сапалы гуаш тастарын сатып
алып, массажды үйде жасаңыз. Ол үшін гуаш тастары­ ның түрлерін білгеніңіз артық
етпес.

Жасыл авантюрин
Жасыл авантюрин тасынан жасалған гуаш тұрмыс құрған әйелдерге арналады. Жасыл тас жұптар
арасындағы реніш пен күдікті сейілтіп,
жұптық ара-қатынасты жақсартады.

Раушан кварцы
Кварц минералдары махаббатты, сәттілік пен материалдық әл-ауқатты тартады. Адам денсаулығына жағымды әсер
етіп, ян энергиясын іске қосады.

Нефрит
Нефрит гуаші қан қысымын қалып­қа келтіріп, жүрек-қан тамырлары
жүйесінің жұмысын және мидағы қан
айналымын жақсартады.

Айтулы гуаш тастары мен бет массажына қажетті құралдарды еліміздегі
ең үздік дүкеннен сатып алыңыз. amazingbody.kz