LOBODA-дан ең әсерлі күзгі премьера. 18 қазан күні ең харизмалы, ең сұлу, аса танымал әнші Светлана Лобода өз тыңдармандарына сый ретінде жаңа әнін ұсынды.
Өз стилін сақтай отырып, украиндық супержұлдыз жанкүйерлерін таң қалдырған сияқты. «Любовь до конца света» атты жаңа хит – жаңа тыныс пен жаңа бағытты көздегендей.
Әнші мына қатал заманда таза, әрі мәңгілік махаббатқа деген сенімі оның шығармашылығының басты қозғаушы күштерінің бірі екенін мойындады. Ал жаңа трек суық түндерде де мызғымас қамал болып қалуы керек екенін еске салады.
“Туған күнім мен үшін әрқашан алғыс мерекесі. Осы сезімді сіздер де сезінсеңіздер екен деген ниетімді білдіргім келді. Мәңгілік махаббат – жай ғана сөз емес. Ол шығыраудан қорықпайды, себебі оның өмір сүру үшін ешқандай шарт қажет емес. Дүние күйіп кетсе де, махаббат мәңгілікке қала береді”, – деп LOBODA премьера туралы өз пікірін білдірді.
Релизге арналған промо кадрлар Лобода гастрольдері кезінде әлемнің әр жерінде түсірілген. Оларды айтулы сілтемеден тамашалай аласыздар.
“Любовь до конца света” – мен көп жылдар бойы жазған, бірақ уақыты келмегендей көрініп, үнемі кейінге қалдырған ән. Міне, қазір сол уақыт келді”, – деп әнші ағынан жарылады.
Әншінің әлеуметтік желілері құттықтаулар мен жаңа релизге пікірлерге толы. Ал ән TikTok-та ресми релизге дейін-ақ сәттілікке қол жеткізді.
“Любовь до конца света” әнін барлық стримингтік платформалардан тыңдауға болады. Сіз де тыңдап көріңіз.