Жан әлемі

Бала психикасын жаралайтын аналардың түрі

ОЛАР ОНЫ БІЛМЕЙДІ. Иә, ол аналар баланы жаралап жатырмын деп ойламайды, білмейді. Мұндай аналардың 4 түрі бар. Сонымен:

1. ҚҰРСАҚ АНА

Баласын тым еркелететін, өзектеп, бала десе күйеуді де, жұмысты да, тіпті, өзін де ұмытады. Бала өскен соң әр қадамын аңдып, кіммен дос, қайда барып, не істеді бәрін бақылап отырады. Баласының ержетіп, өзінен бөлек өмір сүретініне, жеке өмірі барына көндіге алмайды. “Қатыны келді да, өзгерді” деген әңгімені де айтатын осы аналар. Мұндай ана тәрбиелеген бала ешнәрсеге икемі жоқ, дайын асқа тік қасық, “неудачник”, өз ойы жоқ, өзіне “мама” болатын әйел алады.

2. КӨКЕК АНА

Жұмыс, жұмыс деп балаға қарамайтын, балаға махаббатын жеткілікті бермейтін ана. Немесе, тұңғыш ата-әжесінің бауырына басатындар. Ана жылуына қанбаған бала өзіне сенімсіз, мені ешкім жақсы көрмейді деп өседі. “Сен деп жұмыс істеп келгенде, істеп отырғаның мынау”, “Сен деп бүйтіп жүрсем, сен сөйтіп жүрсің” деген әңгіме иелері осы аналар. Мұны естіген бала “Мен болмасам, мына әлем жақсы болады, менің болмағаным жақсы” деп ойлайды. Себебі, оны өзі ішінен шыққан анасы айтып тұр. Осыған сеніп өседі.

3. ТЕРГЕУШІ АНА

Адамдарды басқарып, билігін жүргізген, бастық әйелдер мен өмірде ештеңеге жетпеген, арманымды балам орындайды дейтін әйелдер арасында тергеуші ана жиі кездеседі. Олар да кұрсақ ана сияқты баласын тырп еткізбейді. “Так, бүгін сабақтан неше алдың? 4? Неге төрт? Неге 5 емес?”, “Ана араласып жүрген қызың/жігітің кім? А, ол бізге лайық емес, сен онымен емес анаумен аралас”, “Тамақ істедің, иә, ішіне не қостық, жоқ мынаны қос” деп өсіреді. Бұл бала өскен соң не анасының айтқанынан шықпай тек бір сызықпен жүреді, өз ойы болмайды. Не бәрін керісінше істеп, қарсы шығады. Я болмаса, анасы айтқандай істеп, ар жағында өз ойын жасап жүреді. Отыр деген креслоға отырып, үйлен деген адамына үйленеді, бірақ ойынқұмар не екінші отбасы бар біреу болуы мүмкін.

4. МОНАСТР МАМА

“Қасқыр, кел да мынаны баланың құлағын кесіп алшы, тамақ жемей отыр” деп әбден баласын қорқытып өсіретіндер. “Жаңа жұмысты қайтесің, осыған да зар болып қаласың” “Отыр тыныш!” “Барма, ұрып кетеді, зорлап кетеді” деп жанынан бір елі шығармайды. Бұл аналар ызақор, сенімсіз, бірдеңе бастайын десе қорқып, батылы жетпей жүретін баланы тәрбиелеп шығады

❗Бұл типтер бір адам бойында араласып жүруі де мүмкін. Бір адам тек бір типке де жатуы мүмкін. Осы 4 типті оқып отырып, көз алдыңызға не елестеді? Өз бойыңызда қандай да бір ұқсастықтар бар ме екен?  Жалпы, Сіз қандай анасыз? Өзіңізді сипаттап беріңізші