ДенсаулықСаулық үшін

Ораза кезінде дастарханыңызда тұруы тиіс тағамдар тізімін ұсынамыз

Құрма

«Өмір жемісі», «Сахара наны», «Табиғит қазынасы» секілді түрлі атауға ие болған бұл жеміс Ораза айында үстеліңізден міндетті түрде табылуы тиіс. Оның құрамында миниралдар, дәрумендер мен нутриенттердің қоры өте көп.

Жаңғақтар

Жаңғақтардың өте майлы екенін естен шығармаңыз. Сондықтан, күніне 30 граммнан артық тұтынбаған жөн.

Үрмебұршақ

Ол холестериннің деңгейін азайтады. Ұзақ уақыт бойы тоқ жүресіз. Сонымен қатар, үрмебұршақ құрамында марганец секілді дәрумендер мен микроэлементтер бар.

Зімбір

Зімбір – дәрумендердің қайнаркөзі. Одан денсаулығыңызға пайдалы шай, тұнба дайындауға болады.

Зығыр дәні

Зығыр дәнінің құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумендер өте көп. Сондықтан, бұл ғажайып өніммен достасып, әрдайым асүйіңізде ұстаңыз.

Салқындай сығылған зәйтүн майы

Ол асқазан-ішек жолының жұмысын реттеп, тағамның сіңімді болуына ықпал етеді.

Авокадо

Аллигатор алмұрты аталған жемістің құрамында сирек кездесетін, көптеген пайдалы май қышқылдары мол.

Су

Бұл – ең маңызды, пайдалы сусын. Тамақтанардың алдында 30 минут бұрын және ас ішіп болған соң 2 сағаттан кейін су ішу тәртібін бұлжытпай орындауға тырысыңыз.Сізге қанша су ішу керек екенін білгіңіз келсе, салмағыңызды 30 мл-ге көбейтіңіз. Мысалы, 55 килограмм х 30 мл = 1650 мл. Шамамен, 1,5 литрден асырып су ішу керек.