Жан әлеміӨзіңді дамыт

Жақыныңызды құшақтауға себеп іздемеңіз

Бақытты, сау болудың сыры тым қарапайым. Сондай жып-жылы, сондай сенімді, бойға қуат берер құшақтың сиқырлы күші бар. Оны ата-аналар мен балаларының, сүйікті адамдардың, достар мен әріптестердің қарым-қатынасынан бөліп-жара алмаймыз. Дегемен, біз өз сезімімізді көрсетіп, сыртқа шығаруға көп көңіл бөлмейміз. Бекер!

Психология тұрғысынан қарасақ

«Адам көңіл-күйінің көтеріңкі, сергек болуы үшін күніне 8 рет құшақтасу керек». Бұл тұжырымдаманы ХХ ғасырда америкалық психотерапевт Вирджиния Сатир жариялапты. Байқадыңыз ба, құшақтасқаннан кейін өзіңізді сондай жеңіл сезініп, басыңызды қатырған мәселелердің маңызы азайып болып қалады. Оның сыры белгілі. Құшақтасқан кезде адамдар арасында өте күшті эмоциялық байланыс орнайды. Бұл күйді толық сезін үшін 20 секунт қажет. Қолдау мен жетпей жүрген көңілді байқауға санаулы секунттар жеткілікті. Сезімді жасырудың қажеті жоқ. Бір жағдай болса, қатты-қатты қысып құшақтасудың еш айыбы жоқ. Бұл қайта адамға сенімділік сыйлайды.

Жанға жайлы, әрі пайдалы

Құшақтасу адам денсаулығына пайдалы деген пайымның жаны бар. Себебі, дәл осы жып-жылы құшақтың арқасында гормондардың деңгейін көтереді. Нақтырақ айтар болсақ, мазасыздық пен қорғаныш сезіміне жауап беретін окситоцин гормонының нормасын реттейді. Осының әсері болар, бейтаныс адаммен құшақтассақ,оның жақыныңдай болып кететіні бар. Сонымен қатар, құшақтасу кезінде бақыт гормоны эндорфинге де әсер етеді.

Бала кезіңіз есіңізде ме?! Анасы сәбиін қолына алғанда кішкентай періштенің бетіне күлкі үйіріледі. Бұл әдіс ересектерге де өтімді. Құшақтасу қан құрамындағы стресс гормоны кортизолдың мөлшерін азайтады. Кішкентай күнінде ата-анасы жиі құшақтаған баланың психикасы тұрақты, орнықты болып өседі. Ғажап, бірақ шындық осы: құшақтасу дәруменмен парапар. Ол иммунитетті көтеруге көмектеседі. Яғни, қандағы гемоглобинді жоғарылатады. Шынайы, бар ықыласын төге құшақтасу өміріңізді ұзарта алады екен.

Себеп іздемеңіз

21 қаңтар және 4 желтоқсан – халықаралық құшақтасу күні. Дегенмен, айналаңыздағы адамдарға сезіміңізді білдіру үшін дәл осы екі күнді күтудің қажеті жоқ. Күн сайын махаббатыңызды, сеніміңіз бен құрметіңізді көрсетуден тосылмаңыз. 8, 9, 10 рет пе, қанша болса, сонша рет жақындарыңызбен құшақтасыңыз, сөзсіз сезіміңізді білдіру мүмкіндігін пайдаланып қалыңыз. Құшағымыз әрдайым ашық болсын!