Бала тәрбиесіОтбасы

Ана vs Әйел: қандай айырмашылық бар?

Ана болу жайлы пікірлер әртүрлі. Бірі «ұйқысыз түндерге толы ерен еңбек» деген пікірле болса, енді бірі «ана болу баға жетпес байлық» деседі. Қалай болған күнде де сәби сүю – әйелдер қауымына табиғат сыйлаған, нағыз АНА БАҚЫТЫНА бөлейтін, ерекше сезім.

Дейтұрғанмен, соңғы кездері сәбилі болу кез келгенге бұйырмай отырған бақыт. Әйелдер дәрігерлерінің мәліметіне сүйенсек, қазір үш жұптың бірі бала сүю бақытын сезіне алмай, бедеуліктен зардап шегуде. Ал, уақытылы балалы болып жатқан кейбір арулар ана болу бақытының түп мағынасын түсіне алмауда. Олай болса аналардың өздері біле бермейтін  мәліметтерге назар салып көріңіз.

«Мама» сөзін балалардың өзі таңдап алғандай

«Мама» сөзі кез келген тілде ұқсас, тіпті бірдей айтылады десе де болады. Себебі былдырлаған сәби тілі шыға салысымен айтылатын алғашқы тіркес «ма» сөзі. Таңғаларлық жағдай!

Ана мен баланың ағзасы өмір бақи байланыста

Әйел тоғыз ай бойы баланы құрсағында көтеріп, туылған соң кіндігі кесіледі. Ана мен бала ағзасы осымен бір бірінен ажырайды деп ойлайсыз ба? Әсте олай емес! Жүктілік кезінде ана мен бала ағзасы плацента арқылы жасушаларымен алмасады. Айтулы жасушалар кейін әйел ағзасында көптеген жылдар бойы сақталады. Мәселен, америкалық гинетик Диана Бианки бір әйелдің ағзасынан 27 жасар баласының жасушаларын тапқан. Ғылым әзірге бұл жасушалардың әйел ағзасына қалай әсер ететіндігінің жауабын тапқан жоқ. Бірақ кейбір ғалымдар бала жасушасы әйелді кейбір аутоиммундық аурулардан қорғайды деген пікірде.

Жүктілік әйел миын өзгертеді

2011 жылы жүргізілген зерттеулер жүктілік әйел миын өзгертеді деген тұжырымға әкелді. Босанған әйелдің миында 4 ай бойы даму байқалады.

Ана портреті өзгереді

Бұрынғы аналар портретін елестетсеңіз кемінде 4-5 балалы ананы көресіз. Қазіргі ана портреті – 30 жастан асқан 2-3 баланы әйел немесе ажырасу фактілерінің көбейгендігінен жалғыз басты аналар қатары да артқан.

Жүктілік құлшылыққа әкеледі

Әйелдер көбінесе жүкті кезінде құдайға мойынсұнып, жалбарынуды бастайды екен. Ол әйелдің өз денсаулығына және болашақ баласының амандығына деген құлшылықтан басталса керек.

Күніне 40 шақырым

Бала күтімімен үйде отырған әйел марафонға қатысқанмен тең екен. Себебі балалы әйел күніне 200 шақты іс тындыру барысында 40 шақырым жүріп қоятын көрінеді.

Ана мен бала байланысы тереңде

Бала ана құрсағында жатқанда өзін қауіпсіз сезінеді. Өмірге келгеннен кейін де ылғи анасының дауысы мен ыстық алақанына зәру болатындығы да сондықтан. Кез келген жылаған сәби анасының дауысынан-ақ тез тынышталады және өзін жалғыз сезінбейді.