Жан әлеміӨзіңді дамыт

Әрбір әйел 30 жасқа дейін көруі тиіс 10 фильм

Ұсынған киноларды интернеттен іздеп көретініңіз белгілі. Өкінішке орай, ғаламторда қазақша аудармалары жоқ. Тек, орыс тіліндегі нұсқасын табасыз. Тиісінше, фильм атауларын орысша беруді жөн көрдік.

Перед рассветом

Before Sunrise, 1995

Айлы түндегі  алғашқы әңгімеден кейінгі махаббат. Олар бір-бірін танып, 6 айдан кейін қайта кездесуге уәде беруі үшін бір түн ғана жеткілікті болды.

 

Жареные зеленые помидоры

Fried Green Tomatoes, 1991

Шағын кафеге қожалық ететін екі әйелдің достығына құрылған нәзік те иірімге толы фильм. 1930 жылдардағы АҚШ-қа саяхат жасайсыз.

 

Неспящие в Сиэтле 

Sleepless in Seattle, 1993

Балтиморлық журналист Энни машинада радио тыңдап келе жатады. Радио бағдарламасында қайтыс болған әйелі жайлы айтып отырған ер адамның дауысын естіп, дәл осы жанға тұрмысқа шыққысы келетінін түсінеді.

 

Коко до Шанель

Coco avant Chanel, 2009

Сән әлемін бағындырған Коко Шанель әйгілі модельер болу үшін талай қиындықтан өткен. Қайсар ханым бәрін қалай жеңгенін фильмнен көре аласыз.

 

Все о Еве

All About Eve, 1950

Қолыңызда билік, ақша бар кезде қанша досыңыз бар? Жоқ кезде ше? Осы бір өмірлік философияға құрылған нәзік фильмді көру міндет.

 

Деловая женщина

Working Girl, 1988

Жас бикештің мансап жолында бағы жанады. Қызметке қызыққаны сонша, бар жан-тәнімен беріліп кеткен. Нәтижесі ойландырарлық.

 

Дьявол носит Prada

The Devil Wears Prada, 2006

Қарама қарсылыққа толы әйелдер әлемін әдемі жеткізген фильм. Көруге кеңес береміз.

 

Малена

Malèna, 2000

13  жасар бала Малена есімді әйелге ғашық. Бірақ оны елеп жатқан ешкім жоқ. Соған қарамастан жеткіншек бала әйелдің әрбір басқан қадамын аңдып, сыртынан бақылап жүргенді ұнатады. Күйеуі майданда қаза тапқаннан кейінгі Маленаның тағдыры қандай болғанын сол баладан артық ешкім білмейді.

 

Прислуга

The Help, 2011

1960 жылдары АҚШ әйелдері тұрмысқа шығып, үй шаруасымен айналысып, бала бағып отыруға міндетті еді. Алайда, жас әрі өршіл Скитердің бұл ізбен жүргісі жоқ. Ол енді басқа амалын қарастыра бастады.

 

Мамма MIA!

Mamma Mia!, 2008

Махаббат пен жастық сезімге толы көңілді, сазды комедия. Осы күнге дейін әкесінің кім екенін білмеген бойжеткен тұрмысқа шыққалы жүр. Аяқ астынан, оның үш әкесі пайда болды. Енді тойға дейін шынайы әке кім, соны табу керек.