СұқбатСырласу қонағы

Бар қонақтың бабын тапқан бизнес-ханымдар

Бұл жолғы «Сырласу» қонағы - мейрамхана және қонақүй ісінде өзіндік орны бар, білікті бизнес-ханымдар. Қазір елдегі жағдайға байланысты барлық қонақ үй және мейрамханалар жабық болғанымен, бұл да бір тәжірибе. Осы орайда,Жанар Мижанова мен Жанна Яхина осы саладағы өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Жанна ЯХИНА, Renion Park қонақүйінің басқарушысы

Өткен күннен бір белгі

Мен мейманхана ісінде қызмет етіп жүргеніме бірнеше жыл. Соңғы бес жылда қарқынды дамып келе жатқан Renion Hotels Group қонақүй желісінде жұмыс істеймін.

Әуелі, желінің тарихына тоқталып өтсем деймін. Біздің желі бес мейманханадан тұрады. Олар қаламыздың әртүрлі нүктесінде, яғни, бірінші Алматы аумағымен қатар мегаполисіміздің жоғары бөлігіндегі аудандарда орналасқан. Бізге толағай тәжірибе алып келген тұңғыш қонақүйіміз Renion Zyliha 2005 жылы есігін ашты. Қаланың көрнекі жерлеріне жақын орналасқан, қыдырып келген саяхатшылар үшін ыңғайлы. Ал, Renion Hills қонақүйі 2015 жылы ашылды. Бұл жерде бизнес кездесулер ұйымдастырсаңыз ұтылмайсыз. Ол жердің атмосферасы өте ерекше.

Әр қонақүйдің өз міндеті бар

Барлық қонақ үйіміз бір төбе де, Renion Residence қонақүйіміз бір төбе. Оның өзіндік себебі бар. Ол аппарт-қонақүй ретінде салынған. Барлық нөмірлер пәтер түрінде. Яғни, тамақ әзірлеп ішем деген жан үшін өз ас үйі бар. Отбасымен келетін саяхатшылар үшін қолайлы. Ал, Renion қонақүйі әуежайға жақын. Алып шаһарға келіп-кететін жандар үшін есігін айқара ашады. Бесінші қонақ үйіміз – осыдан 3 жыл бұрын қызметін бастаған Renion Park. Бұл қонақүй ең жасы болғанымен, ең көп нөмір осында орналасқан. Барлығы 90 бөлмеміз бар. Қонақүйдің бағасы қолжетімді. Саяхатшылар мүмкіндігіне қарай эконом, стандарт, люкс нөмірлерді таңдай алады.Renion Park Алматы қаласының тарихи орталығында орналасқан.

Қонақтың бар жағдайын жасауға тырысамыз

Қонақтардың сұранысына қарай барлық қонақүйімізде мынадай қызмет түрлерін ұсынамыз: концеренц-зал, келіссөз залы, СПА, жаттығу залы, көлік тұрағы. Бұл бизнес саяхатшыларға емес, сонымен қатар көктем-жаз маусымында саны күрт өсетін жиһангездерге де ыңғайлы.

Мен байқаған бір ерекшелік

Қонақтарымыздың белсендігіліне қарап, жылдың көктем-жаз мезгілінде Қазақстанға еуропалықтардың жиі келетінін байқадық. Соңғы жылдары ресейлік жиһангездердің саны артқан. Жаз және жаңа жыл қарсаңында араб саяхатшыларын көп көреміз. Олар қыста Алатаудың әдемі табиғатын тамашалауға келеді. Әрбір қонағымызға жоғары қызмет көрсетіп, дәмді ас ұсынып, бөлмесінің таза, қауіпсіз болуына жіті назар аударамыз! Сүйікті қызметім арқылы еліміздегі туризм сапасының жақсаруына үлес қоса алатыныма мақтанамын.

 

Жанар МИЖАНОВА, Renion мейрамхана желісінің басқарушы директоры

Барлығы тәжірибемен келеді

Алматы технологиялық университетіне оқып жүргенімде ректорымыз: «Мейрамхана және қонақүй ісі» деген мамандық Қазақстан бойынша бізде тұңғыш ашылып жатыр. Өз мейрамханамыз болады. Осы мамандықты оқығандарды сол жерге жұмысқа жібереміз»,-деп айтты. Осы мамандықта оқи жүріп, университет мейрамханасында директор болып жұмыс істедім. Ол кезде жасым 19-да еді. Дәл сол уақытта мейрамхана директорының қызметін толық түсініп кеттім деп айта алмаймын. Барлығы тәжірибемен келеді. Былтыр «Үздік ресторатар» номинациясына ие болдым. Бар жан-тәніммен өз ісімді сүйемін. Бұл салада 8 сағаттық қызмет деген жоқ, біз 24 сағат бойы жұмыс туралы ойлаймыз.

Ұжымның ұйытқысы болу – басшылық міндеті

Қазіргі таңда өзім басқарып отырған Renion Hotels Group желісінде 5 мейрамхана бар. Мысалы, Renion Park мейрамханасы шағын банкет өткізуге, күнделікті тамақтануға өте ыңғайлы. Біз жыл сайын аспаздарымыздың арасында «Бізді таңғалдыр» атты байқау өткіземіз. Егер бір тағам бәріміздің көңілімізден шықса, оны мәзірге қосамыз. Жеңімпазға сыйақы беріледі. Қызметкерлеріміздің білімді, білікті болуына барымызды саламыз. Қонақтарымыз дән риза болсын деген ниетпен, бізге келген әрбір жас маманды арнайы оқу курсынан өткізіп алатын тәртібіміз бар. Әрбір 15 күн сайын қызметкерлеріміздің білімін жетілдіріп отырамыз. Себебі, мейрамхана бизнесі бір орында тұрмайды, әрдайым жаңа трендтер пайда болады. Біз сол трендтерге сай болу үшін оны өз қызметкерлерімізге үйретіп отырамыз. Бізге келетін қонақтардың дені шетелдік болғандықтан, мамандарымыздың шет тілін меңгеруін қадағалаймыз. Даяшыларымыз қазақ, орыстан бөлек, ағылшын, қытай, түрік тілдерін біледі. Тіл үйрететін арнайы оқытушыларымыз да бар. Мамандарымыздың заманға сай, білікті болуы үшін арнайы кадр дайындайтын бөліміміз үздіксіз қызмет етіп келеді.

Біздің өз саясатымыз бар

Негізі, барлық қонақүйдің жанында мейрамхана бар. Әдетте, оған тек өз қонақтары келеді. Біз бұл саясатты ұстанбаймыз. Есігіміз баршаға ашық. Әр мейрамханамыздың бағыты де әр түрлі.

Мысалы, Renion Residence  қонақүйіндегі Family мейрамханасы отбасымен келетін жандарға ыңғайлы. Балаларды кең, аниматоры бар ойын алаңына жіберіп, ата-аналары емін-еркін тамақтанады. Мәзіріміз де балаларға қолайлы болсын деп, тағамдарды суретімен ұсынамыз. Julia RestaBar жастарға арналған. Мұнда жастар үшін көңіл көтеруге, түрлі үстел ойындарын ойнауға мүмкіндік бар. Мәзірі дәмді жиынтықтардан тұрады. Бағасы қолжетімді. Renion Hills мейрамханасы іскерлік кездесу ұйымдастыруға ыңғайлы. Интерьер де соған сай таңдалған. Жарық, тыныш жер. Renion мейрамханасында екі банкет залы бар. Бұл жерде үлкен жиындар, той мен мерекелік шаралар өткізуге болады. Қазір мейрамханамызда акция жүріп жатыр. Біз тұтынушыларымызға жыл сайын түрлі жеңілдіктер жасап тұрамыз. Барлық мейрамханамызда күзеті бар, өзінің көлік тұрағы қызмет етеді.

Көшпелі мейрамханамыз да бар

Сонымен қатар, Renion кейтеринг жайлы жалғастырып айта кетейін. Біз түрлі ауқымды шараларға өз дәмімізді ұсынып келеміз. Ыдыс-аяғымыз, қызметшілерімізбен бірге барамыз. Жиынның мәзірін дайындайтын кезде қандай шара, ол жерге кімдер жиналады, өтетін уақыты қашан екенін ескеремін. Бізде қатып қалған бір мәзір жоқ. Барлығы жан-жақты ойластырылуы тиіс. Тамақты әдемі ұсына білу керек. Мейрамхана – менің өмірім. Соңғы уақытта еліміздегі мейрамхана ісі қарқынды дамып келе жатқаны қуантады.