News

Бауыржан Сатов: Тәуекел Альбинамен танысуыма қарсы болды.

Белгілі актер, тележүргізуші Бауыржан Сатов «Қызық таймс» бағдарламасына берген сұқбатында әнші Альбина Шардаровамен қалай бас қосқаны турлы баяндап берді.

«Альбина Қуандық Рахыммен дуэт болып жүрген. Тараз қаласында екеуінің жеке концерті өтіп, оны мен Тәуекел Мүсіліммен бірігіп жүргіздім. Концерттің бірінші бөлімі бітіп, демалып отырғанмын. Бір кезде қарасам сұлу қыз шәй құйып отыр екен. Ол Альбина болатын. Маған кесесін ұсынып, «шәй ішіңіз» деді. Мен одан көз ала алмай, қарай бердім. Жанымда отырған Тәуекелге: Мына қыз керемет екен. Қазір танысамын дедім. Ол маған қарап: «Таныс» деді. Оқталып тұрған едім, Альбина «Бауыржан аға» деді. Тәуекелге қайта жақындап: Маған «аға»  деп айтты. Не істейін? – деп сұрадым. Тәуекел «Онда қоя қой» деген болатын.

Актер досының сөзіне құлақ асқанымен түбінде сүйгеніне сөз салып, ағымдағы жылдың тамыз айында дүркіретіп тойын өткізді.

Сонымен қатар, жұлдызды жұп тойларына байланысты оқырмандардың негативті пікірлерін былайша түсіндірді: «Тойымды өзім ұйымдастырдым. Барлығын жоспарлап, үстелдегі тамақтың өзін қадағалағанмын. Бір кезде қонақтар саны асып кетіп, отыратын орын табылмай қалды. Құдалар жақтан 30 адам күткенбіз, аяғында 60 адам келді. Соның бәрін ойлап, уайымдап тұрған түрімді біреу суретке түсіріп, инстаграмға салып жіберіпті. Нәтижесінде оқырмандар «Мына жігіт неге өзінше болып тұр? Ана қызбен бақытты емес!», – деген пікірлер жаза бастады» – дейді танымал актер.

Айта кетейік, бұл Бауыржан Сатовтың екінші некесі. Ғаламторда актердің бірінші жұбайы Мөлдірмен түскен суреті пайда болғаннан кейін, желі қолданушылары Бауыржанның әнші қызбен бақытсыз екенін айтып, түрлі пікірлер қалдырған.