Cән мен сұлулықNews

Beauty brunch: Әлемді әлдилеген сұлулық

“Сырласу” журналы қазан айының 27-ші жұлдызында Алматы қаласында сұлулықты жария етіп жүрген блогер арулардың басын қосып, “Әлемді әлдилеген сұлулық” атты әдемі кеш өткізді. 50-ге жуық әнші, тележүргізуші, актириса, блогер, вайнер ханымдар айтулы кеште сұлулық әлеміндегі трендтермен танысып, үздік өнімдер туралы ақпаратқа қанықты.

Кеш қонақтарының қатарында Динара Қырықбаева, Айнұр Ілиясова, Алена Петрова, Люся Еркова, Яна Бабрыка, Айнұр Қапарова, Гүлзат Көбек, Адель Оразалинова, Қарлығаш Исабекова, Алина Сарсенова және т.б көркем арулар жиналған болатын.

Айта өтейік, кеш тізгінін “Сырласу” журналының баспагері Кәмшат Әкімқожақызы алды. Ол жиналған кеш қонақтарын жиын бағдарламасымен таныстырды.

Кәмшат Әкімқожақызы, “Сырласу” журналының баспагері

Актуалды макияж: Әмбебап nude:

Сұлулық әлеміндегі декоративті косметика тренді туралы алдымен танымал визажист Ирина Хабер сөз алып, қонақтарды алдағы маусымның трендері туралы әңгімеледі. Артынша нарықтағы ең сапалы өнімдерді ұсынып жүрген Max Factor бренді “Актуалды макияж: Nude” тақырыбында таныстырылым өткізді. Оны Max Factor -дың Қазақстандағы арнаулы тренері Лидия Сайдахметова жүргізді. Кеш қонақтарын қуантқаны сол, ең белсенді қатысушыларға сән әлемі туралы сан сұрақтары қойылып, оларға арнаулы сыйлықтар тапсырды.

Лидия Сайдахметова, Max Factor Қазақстан брендінің тренері

Hair тренд 2021-2022:

Үздік әрі кәсіби шаш косметикасы Londa және Wella брендтері шаш үлгілері, сәнді шаш түстері, шаш күтімдері туралы Londa Professional Қазақстан брендінің негізгі тренері Виктория Чмеленко жетік түсіндірді. Қатысушы арулар маңызды әрі өте пайдалы ақпарат көздерін кәсіби маманнан ала алды.

Виктория Чмеленко, Londa Professional Қазақстан брендінің негізгі тренері

Дене – адам жанының үздік көрінісі

Бет және дене күтімі тақырыбын косметолог Ася Кұдайқұлова жалғастырып, күзгі күтім жайлы өз ойымен бөліскен болатын.

Хакима Қалназарова, L`Occitane компаниясының тренинг менеджері

Ал, дене күтімі туралы ең пайдалы ақпаратты журналың сенімді серіктесі L`Occitane бренді ұсынды. Француздық салиқалы бренд қонаққа келген аруларға арнайы қол массажын жасап бір сергіткені рас.

Кешіміздің қалай өткендігі жайлы фоторепортажбен таныс болыңыздар!

Сұлулық нутриенттері:

Сұлулық – ең алдымен әйел затының денсаулығына байланысты. Ішкі ағзасы сау әйел міндетті түрде көркем келеді. “Ол үшін ағзаңызға көмектесіп, қажетті дәрумендерді қабылдау шарт”, -дейді Woerwag Pharma фармацептикалық компаниясының өкілі Шолпан Баженова.

Шолпан Баженова, Woerwag Pharma фармацептикалық компаниясының өкілі

Цинк және D3 дәрумендері әйел әдемілігіне тікелей әсер етеді. Сол үшін уақытылы Цинкит және D3-Гамма дәрумендерін қабылдау қажет.

Сұлу – әркез көркем.

Сұлулық – уақыт пен мезгіл таңдамайды. Сол үшін әйелдерге таныс етеккір кезеңінде де бойыңды тік ұстап, өзіңді сенімді сезінген маңызды. Ол үшін заманауи soft-тампондарды қолданыңыз. Қазіргі нарықта Freedom тампондары әйел затына ең жағымды болып табылады,- деп атап өтті PN Holding компаниясының өкілі Гүлфайруз Темірғалиева.

Гүлфайруз Темірғалиева, PN Holding компаниясының өкілі

Одан өзге аруларға жағымсыз әсер қалдыратын жағдай – мезгілсіз іштің кебуі. Өзіңді көркем сезінуге ол да әсерін тигізбей қоймайды. Мұндайда не істемек керек? Жолы оңай! Тек итальяндық премиалды бренд Lactoflorene өніміне зер салыңыз. Бірден үш әсер беретін өнім туралы бұл кеште де баса айтылды.

Назар салыңыз!

“Сырласу” журналы мен www.syrlasu.kz онлайн-журналы қыз-келіншектердің басын қосып, “Бастаңғы” жасап жүргелі үш жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында қаншама арулар өзіне қажетін түйіп, керегіне жаратқаны шындық. “Бастаңғы” деп аталуы да кездейсоқтық емес. Редакция қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан бастаңғы дәстүрін қайта жаңғыртуды көздейді.