Cән мен сұлулықБет күтімі

Бетіңізді дұрыс күтесіз бе?

Бет күтімінің небір әдіс-тәсілдері бар. Бірақ, бәрін тегіс пайдаланудың қажеті шамалы. Оған тіпті уақыт та жете бермейді. Тек ең маңызды дегендерін, жасап тұрсаңыз болғаны. Мәселен, Сіздерге мынадай 7 түрлі күтімді ұсынамыз.

1. Көздің айналасына, қабаққа және оның астына крем жағудың қажеті жоқ. Тек арнайы орбиталық бөлігімен жүргізіп шыққан дұрыс. Сонда крем нәзік әрі майсыз теріге жақсы сіңеді.

2. Мойынға беттің емес, көзге арналған кремді жағу қажет. Мойын терісі қабақ сияқты майсыз терінің қатарына жатады. Ал, бет жақпа майы оған ауырлау келеді де, тезірек әжім түсіруге атсалысады.3. Бетіңізге маска жасап алып, үйдің ішінде жұмыс жасап, зыр жүгірмеңіз. Маска жаққан соң, жатқан жөн. Өйткені, ол теріге әбден сіңуі қажет.

4. Біз көбіне-көп firming сияқты, қатты нәрлендіретін нәрсе іздейміз. Негізі, теріге  ылғалдандырғыш зат аса маңызды болып табылады. Ши ағашы майынан, шие сүйегі және какао майларынан жасалған өнімдерді орынды пайдалану, артықтық етпейді.

5. Аталмыш майларды дене дымқыл кезінде жаққан дұрыс. Сонда ылғалды жақсы тығыздайды. Жуынып шыққан соң, толық жақпаларды жағып, күштілеп сыланып алу керек. Сосын сүлгімен сүртінген абзал.

6. Бетке арналған массаж – аса пайдалы деп айта алмаймыз. Кез келгені әрі  қай уақытта болсын массаждау дұрыс емес. Ол теріні созып, әжімнің тез түсуіне әкеп соғады.

7. Беттің бергі қабатын алып, теріні тазалатып тұруға мүлде ұмтылмаңыз. 30+ жастан кейін ол теріге ауадай қажет. Механикалық скрабтарды гөрі, оттегі маскасы, газ-сұйықтықты пилингті қолдану орынды.