Cән мен сұлулықБет күтімі

Безеуден арыл! Ас содасы мен тұздың пайдасы қандай?

Бүгінгі таңда сұлулық салондары мінсіз келбетке қол жеткізетін процедуралардың кең өрісін ұсынады. Мұндай сұлулық шаралары қалтаңызды қақпай қоюы мүмкін емес. Осы орайда біз кез келген ас үйден табуға болатын қарапайым тұз бен ас содасының көмегімен келеңсіздіктерден арылудың жолдарын ұсындық!

Соданың пайдасы қандай?

Бетінде қара дағы бар адамдар олардан құтылудың қаншалықты қиын екенін жақсы біледі. Бетті сабынмен жуудың пайдасы аз. Себебі қара дақтар бет терісіндегі тесіктердің арасына жиналған кір ғана емес. Ол – май бездерінің бітелген түтіктерінде оттегінің салдарынан қарайған комедондардың үстіңгі бөлігі.

Комедондарды сабынмен ерітуге болатындай көрінеді, алайда олар лезде қатып, оңайлықпен кетпейді. Сабынның орнына соданы қолданып көріңіз. Ол майлармен әрекеттесіп, бітелген тесіктерді тазартады.

Сода бактерицидтік қасиетке ие. Сондықтан содалы маскалар безеуі бар бет терісінің күйіне жақсы әсер етеді.

Сондай-ақ, соданы сумен араластырып скраб жасауға болады. Соданың ұсақ бөліктері өлі жасушаларды қабыршақтандырады.

Тұздың пайдасы қандай?

Тұз да бірқатар пайдалы қасиеттерге ие. Ол қанның микроциркуляциясын ынталандырып, теріні тітіркендіреді. Осының арқасында тері жақсарып, серпімділікке ие болады.

Тұз бен соданы жеке-жеке сумен араластырып, беттегі безеулерге жағу керек.  Алайда оның алдында теріні тазартып алған жөн.