Ақ босағаОтбасы

Бөлме гүлін қалай таңдаймыз?

Үйдің төбесіне дейін өсетін диффенбахия гүлі – өте улы. Гүлөсірушілер оны пайдаланбауды ескертеді. Бөлме гүлдері үшін саздан жасалған құмыраларды алыңыз. Бұл материал өсімдік тамырының тыныс алуына жағдай жасайды.

Жайлы ас үй үшін

Үйдегі ең сүйікті әрі отбасы мүшелерінің басын қосылатын бөлмеге жұпар иісті, ғажап гүлді қазтамақ лайықты. Ол жүйке жүйесін тыныштандырады. Хлорофитум мен традесканция зиянды химиялық иіс-қоңыстан арылтады. Авокадо, манго ағаштарын егуге де болады.

Кең қонақ бөлме үшін

Бенжамин фикусы, шефлер сияқты көлемді гүлдер қойыңыз. Олар бөлмені оқшаулауға көмектеседі. Шағын қонақ бөлмеге жапырағы мен гүлі мол кротон, эхмея, вриезия үйлеседі.

 

Жатын бөлме үшін

Фикус отбасыңызға үйлесімділік сыйлайды. Сондықтан оны жатын бөлмеге қойған жөн. Жүйкені тынықтырып, ауыр ойлардан арылып, терең ойлануға көмектеседі. Орхидея түнгі қуат ұрлаушы саналады. Сондықтан жеңіл әрі жағымды иісі бар гүлдерді таңдаңыз.

 

Жұмыс кабинеті үшін

Бұл аймаққа келгенде тым шектен шығып кетпеңіз. Шағын көлемді фитоний, гастеринді таңдаңыз. Жұмыс үстелі мен әңгімелесу орнының арасын үлкен гүлмен бөлуге болады.

Жуынатын бөлме үшін

Ылғалды жерде қырыққұлақ, фикус, орхидея жайқалып өсе береді. Олар оттегіні көбірек бөліп, жуынатын жердің ауасын бірқалыпты ұстап тұруға септеседі.

Балалар үшін

Балалар бөлмесіне иісі бұрқыраған, тікенді, аллергия тудыратын улы гүлдерді алмаңыз. Шаң жинауға құмарларына үйір болмаған дұрыс. Нәзік иісті әрі ауаны тез тазалауға қабілетті сансевиерия, лимон ағашы және хлорофитум қойған абзал.Фикус,  жапон гүлі, сүттіген, азалия, кротонның бойында, шырынында улы заттар бар. Оларды балалы үйде өсірудің қажеті жоқ.