Ас мәзіріНегізгі ас

Бұзау етінен жасалған миньон

Құрамы:
* бұзау еті
* чиабатта наны мен жалбыз ұнтағы
* өсімдік майы
* тұз, бұрыш

Дайындау әдісі:

1. Етті тоңазытқыштан шығарып, әбден ерітеміз. Жұмсарған соң, 3-4 см. қалыңдықта дөңгелектеп кесеміз.

2. Пісіруден 30 минут бұрын тұз сеуіп қоямыз.

3. Еттің екі жағын майлап алып, табаға әр қырын 2 мин. аударып қуырамыз. Отты басып, тағы да 3 минуттан пісіреміз.

4. Еттің шырыны өзінде сақталуы үшін шанышқымен емес, қысқышпен қозғау керек.

5. Қызарып піскен етке бұрыш сеуіп, чиабат­­та наны мен жалбыз ұнтағына аунатып, толқынды пешке 185°-қа 10-15 мин. салып аламыз.

Гарнирін дайындауға:
картоп, шпинат, сары май, тұз, сарымсақ, «Альфредо» соусы керек.

Картинки по запросу шпинат

1. Шпинаттың жапырақтарын жақсылап жуып, суға 5-7 минут қайнатамыз.

2. Шпинатты сүзіп алып, сарымсақпен бірге блендер­­де еземіз.

3. Картопты қайнатып, үстіне сары май қосып, езбе жасаймыз.

4. Езбеге шпинат пен «Альфредо» соусын қосып араластырамыз.