NewsБала саулығы

«Ерекше» балалар: жас спортсмендер

Ричард Сандрак Украинада өмірге келгенімен,  туғалы АҚШ-та өмір сүреді. Ол бала күнінен бастап тренермен бірге күшке арналған жаттығулармен айналысқан. Бала күнінен Ричард елдің барлығын балаға тән емес, аса шыныққан денесімен таңғалдыратын болған. Ал, 8 жасында оның жұдырық күші әлемдегі ең жылдам әрі ең қатты соққы ретінде танылған. 15 секундтың ішінде ол қолымен 110 соққы немесе аяғымен 30 соққы беріп үлгеретін. Қазір Ричардтың жасы 24-тен асты, бірақ бұрынғы танымалдығы жоқ. Себебі бұл жаста ерекше дене бітімге ие өзге де танымал тұлғалар көп екені рас.

Джулиано Строе 2004 жылы Румынияда өмірге келген. Жас атлеттің әкесі бұрынғы гимнаст болғанықтан, ұлы өмірге келісімен-ақ спортқа баулып, 2 жасынан бастап денесін созуды қолға алған. Әлі күнге дейін баланың жаттығу жұмыстары әкесінің қадағалауымен өтеді және әкесінің айтуынша Джулиано өз мүмкінгініне сай дайындалады. Бала шаршасымен жаттығу жұмыстары аяқталатын көрінеді.

Гимнастикалық және күш талап ететін жаттығулардың арқасында Джулиано бірнеше рет рекордсмен атанған. 5 жасында аяқтарының ортасына 15 келілік допты қысып алып, қолымен 10 метр жүріп өткен. Ал, бірнеше жыл өтісімен Джулиано еденге аяқтарын тигізбей, қолымен 20 рет отжимание жасаған.