Жан әлеміТест

Ерін пішінен өзіңді таны

Ғалымдар адамның мінезін анықтау кезінде ерін пішіні де маңызды рөл атқаратынын айтқан еді. Өзіңізді өзгеден ерекше ететін тұсыңыз туралы білгіңіз келе ме? Ендеше, ерніңіздің пішіні сіз туралы не айтатынына мән бергейсіз.

684Қаралымдар

Үлкен әрі томпиған ерін

Бұл жандар айналасындарға үнемі қамқорлық жасап жүреді. Мүмкін бала кезіңізде дала  жануарларын тамақтандырып, үйіңізге алып келген да боларсыз. Сізде аналық инстинкт жақсы дамыған. Кез-келген жағдайда алдымен өзіңізді емес, өзгені ойлап тұрасыз. Қамқорлық жасап, қорғап жүресіз. Мұндай адамдар жауапкершілікті жақсы сезінетін ата-ана бола алары сөзсіз.

Үстіңгі ерні үлкен

Эмоционалды, әрқашан көңілді жүретін, жарқын жандар. Өзіне сенімділігі жоғары, адамды өзіне баурай алатын қабілеті бар. Үнемі назарда болғанды ұнатады. Оларға әр ортада қалжыңдап жүру тән. Нағыз актер болса, кез-келген рөлді алып шығар еді.

Астыңғы ерні үлкен

Шындығында бұл жандар кеңседе отырып жұмыс істей алмайды. Егер олай болса әлемдегі қызықтардан құр қалғандай болады. Тез бейімделгіш әрі ашық мінезді адам болғандықтан, жаңа таныс, жаңа орта мен ұмытылмас әсерлерлерді қалайды.

Қалыпты пішіндегі ерін

Үнемі өзінің және өзгелердің мәселелерін шешіп жүреді. Олардың ең жақсы қасиеті –тыңдай білу. Басқалардың тарапынан келген сындар мен пікірлерді жақсы қабылдайды. Салмақты бола білсе де, әзілдеп жүргенді жақсы көреді.

Жіңішке ерін

Олар көбіне оңаша қалғанды ұнатады. Барлық істі өзі тындырады, басқалардың көмегін қажет ете бермейді. Мұражайға немесе концертке де жеке бара береді. Жалғыз жүргенді ұнатуы көпшілік ортада жүре алмайды деген сөз емес. Адамдармен тез тіл табысып, сөйлесіп кетеді. Басқаларды әрекеттеріне қарап бағалайды.

Жоғарғы ернінің ойысы үшкір

Бұлар шығармашылық үшін туылғандай. Керемет суретші мен мықты композиторлар шығуы мүмкін. Адам аттары мен түрлерін, нөмірлерін жақсы есте сақтайды. Белсенділігінің арқасында әрдайым соңғы жаңалықтардан хабардар болып отырады. Өзін дамытуды қолға алып, үлкен жетістікке жету – басты мақсаты.

 Жоғарғы ернінің ойысы дөңгелек

Бұл жандар өте мейірімді әрі сезімтал. Барлық нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды. Өзгелерге көмектесу, табиғатты қорғау – жеке жұмысы секілді. Дегенмен, осы қасиеті арқылы көпке үлгі.

Ойысы жоқ ерін

Ең жауапты және сенімді жандар. «Мүмкін емес» деген сөзді білмейді, барлығын уақытында орындағанды ұнатады. Жақындары мен достары ойланбастан сенім арта алады. Себебі олар барлық нәрсенің түйінін шеше алады.

Шағын томпиған ерін

Сырт көзге тартымды көрінетін бұл жандар өзін күткенді жақсы көреді. Егер өзіңе өзің қамқорлық жасамасаң, оны кім істейді? Ең алғаш танысқан адамдар оларды тәкәппар деп ойлауы мүмкін. Дегенмен, мүлде олай емес. Достыққа адал, қиын сәтте үнемі жанынан табыла біледі.

Жоғарғы ерні жіңішке

Бұл жандар көшбасшылық қабілетке ие. Олардың бойында отты жалын бардай. Ойлағанына жетпей қоймайтын, тынымсыз еңбек ететіндер жандар. Оларға отбасын құру қиынға соғуы мүмкін, өйткені басты қағидасы жай ғана біреумен бірге болу емес, жеке тұлға болу.